Жамбылский областной казахский драматический театр

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 1 қазан – Қарттар күніне орай ардагер артистер мен зейнет жасындағы қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Театр директоры, белгілі жазушы-драматург Болат Бекжанов және театрдың кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлбану Тұрсымбаева еңбек ардагерлеріне ақ тілектерін жеткізіп, құттықтау сөз сөйледі, сый-сияпаттар жасады.

Жиын соңынан театрдың жас артистері алдыңғы буын аға-апаларының осы мерекелеріне арнап дайындаған концерттік бағдарламаларын көрсетті. Өз кезегінде ардагер аға-апалар да осы көрсеткен сый-құрметтері үшін театр басшылығы мен кәсіподақ ұйымына және көркем өнерлерімен тартымды тарту жасаған жас артистерге ризашылық сезімдерін жеткізді.