Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Бүгін 7 сәуір – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстанның халық артисі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері МАКЕН әпке РАҚЫМЖАНОВАНЫҢ туған күні!

🎭Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры бүкіл әлемде орын алған коронавирус пандемиясына байланысты оқшауланып, үйде отырған өз көрермендері үшін әлеуметтік желіде орындау шартымен «Театр таланттарды іздейді» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын жариялайды.

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН:

✍️Авторы: Қ.Қасымов
🎭Режиссер: Қ.Қасымов
🖼️Суретшісі: М.Шарафидин

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артистері: дәрігерлер қауымының  коронавирус індетіне шалдыққан азаматтарды құтқаруда жеке бастарын қатерге тіге жүріп,  жанкештілік танытып күресіп жатқан  ерлікке  тән еңбектерін  "Рахмет,  абзал дәрігер!" атты арнау жырларына  арқау етіп, дәрігерлерге арналған аталған Алғыс жырларын интернеттік онлайн  жүйе  арқылы ерекше  ризашылық сезіммен жолдады...

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының  шығармашылық  ұжымы  үстіміздегі жылға  жоспарланған  жаңа қойылымдардың бірі  - Ғ.Мүсіреповтің  "Қозы Көрпеш -  Баян сұлу"  трагедиясын  сахнаға  дайындауды  онлайн режимде жүргізіп жатыр.

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының  артисі,  ҚР Мәдениет саласының үздігі Галина Қойшыбаева   өз шығармашылық жолында  50-ден аса басты және негізгі кейіпкерлер бейнесін сомдаған сахна өнерінің   айтулы шебері.  Бірнеше телевизиялық фильмдерге түсіп,  киноактриса ретінде де танылған. 

ӘРІПТЕСІМІЗ, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының Өртке қарсы қызмет бөлімінің жетекшісі АРИПБАЕВА САУЛЕ КАЙМУЛДИНОВНАНЫ ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры үйде отырған оқушыларға әлеуметтік желіге мәтіндерін жазып қалдыру шартымен «ЗЕРЕ ӘЖЕНІҢ ЕРТЕГІЛЕРІ» байқауына жаңа ертегілер жазып, ұсыну конкурсын жариялайды.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлар енгізу туралы Мемлекет басшысының Жарлығына, сондай-ақ, осыған байланысты қабылданған облыс басшылығының өкімі мен хаттамалық тапсырмаларына орай халыққа көрсетілетін мәдени қызмет пен шығармащылық ұжымның жұмысын толықтай онлайн режимге көшірді.

ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН:

Авторы: Е.Әбдрешов
Режиссер: Е.Әбдрешов
Суретшісі: Р.Сапаралиева

АРАЙ газетінің 2020 жылдың 26 наурызында «Жан-дүниең жұтанданса, рухани кемтарлыққа әкеледі», АҚЖОЛ газетінің 30 наурызында «Көрермендер онлайн режимге де үйренеді» атты төмендегі мақалалар жарық көрді.

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры бүкіл әлемде орын алған коронавирус пандемиясына байланысты оқшауланып, үйде отырған өз көрермендері үшін әлеуметтік желіде орындау шартымен «Театр таланттарды іздейді» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын жариялайды.

С.Пірмановтың "Наурыз айы келгенде" атты ертегі-қойылымы онлайн режимде тамашалаңыздар!!!

И.Сапарбайдың "Сыған серенадасы" сазды драмасын онлайн режимде тамашалаңыздар!!!

Бүгін халықаралық театр күні. Сахна саңлақтарының төл мерекесі. Елбасына күн туған сын сағатта өнер адамдары да ешуақытта қалыс қалған емес. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Роза апаларымыз майдан даласындағы жауынгерлердің рухын көтеріп алғы шептерде тамағынан қан кеткенше концерт бергенін тарихтан білеміз. Ал мынадай алма ғайып қиын шақта Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының жастары өз қарыжыларына маска тігіп, қала халқына тегін таратуды қолға алып отыр. Өнерімен де, өнегелі ісімен де алда келе жатқан Тоқпанов театрының жастарына "мерекелерің құтты болсын дей отырып, қайырымды істерің Алланың шапағатына бөленсін дейміз.

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының директоры - Болат Бекжановтың мерекелік құттықтауы.

Біздің сүйікті көрермен!
Елімізде болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты театрымыздың қойылымдарынан қол үзіп қалғандарыңызды білеміз. Алайда біз сіздерден еш алыстамаймыз! Алдағы уақытта біздің спектакльдерімізді Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының YouTube арнасынан тамашалай аласыздар. ⠀

#БІЗ БІРГЕМІЗ!

 Қадірменді сахна шеберлері!

Ардақты өнер майталмандары - ардагер ағалар мен апайлар! Құрметті барша театр қызметкерлері!