Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты», «Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері» және «еңбек ардагері» марапаттарының иегері Нұрсифат Рахымбайқызы Салықованың 80 жасқа толу мерейтойы атап өтілді. Салтанатты кештің басталуы, мерейтой иесін қызыл кілеммен марапатты түрде қарсы алудан басталды. Кеш театрдың үлкен залында концерттік бағдарламен жалғасты, кештің басты бағдарламасы театр актрисасы Н. Саклықованың өмірі мен өнер жолындағы оқиғаларын, спектакльдік қойылымымен театр әртістері көрініс қойды.

2018 жылдың 25 тамызы, сенбі күні сағат 17.00-де Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, көрнекті сахна шебері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Салықова Нұрсифат Рақымбайқызының 80 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтеді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры №33 "Айсәуле" балабақшасына, "Ақ күшіктің туылған күні" атты бүлдіршіндерге арналған спектаклін көшпелі қойылымда сахналады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры кезекті әрі қызықты көшпелі қойылымға шықты. Көшпелі қойылым Тараз қаласы "Аю" балабақшасында қойылды.

Актриса Салықова Нұрсифат Рақымбайқызы 40 жыл ішіндегі актрисалық жолында театрда 100-ден аса драмадарда әр түрлі кейіпкерлерді сомдаумен қатар, бірқатар телефильмдер мен көркем фильмдерде де ойнап танылған берлгілі өнер иесі. Олардың ішінде, әсіресе, 2015 жылы түсірілген Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» кинофильмінде Құнанбайдың анасы Зеренің ролінде ойнап, ерекше актрисалық шеберлігімен танылып, осы еңбегі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» атанды.

2018 жылдың 25 тамызы, сенбі күні сағат 17.00-де Жамбыл облыстық қазақ драма театрында осы ұжымда 40 жылдан аса үзбей актрисалық қызмет атқарған көрнекті сахна шебері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Салықова Нұрсифат Рақымбайқызының 80 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтеді.

Келіп, осы шараны тамашалаймын деушілерге театр есігі ашық.

24 қаңтар күні М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың "Жастар сарайында" Жамбыл облысы əкімдігінің мәдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының 2017 атқарылған жұмыстарының қорытындысы мен 2018 жылы атқаратын міндеттері туралы есеп беру жиналысы өтті. Жиынға Жамбыл облысы əкімінің орынбасары Манжуов Ерқанат Нұрбапаұлы мен облыс əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Бықыбаев Дүйсенəлі Дыбысалыұлы жəне басқармаға қарасты мекемелер мен аудандардың мəдениет салаларының қызметкерлері қатысты.

2018 жылдың 24-25 қаңтарында Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Болат Жандарбековтің «Сақтар» романынындағы Сақ патшайымы Томириске қатысты оқиғалар желісінде дайындалған «Томирис» драмасының тұсаукесер қойылымы сахналанды.

23 қаңтар күні сағат 16:00 "Тағдыр тəлкегі" атты мүңлы драмасын тамашалаңыздар.

Тараз қаласы, Абай даңғылы: 115, тел: 45 - 79 -89. 45 - 29 - 68.

Билет құны 500, 400, 300 теңгеден.

Қоюшы режиссері: Əскер Құлданов.

Қоюшы - суретшісі: Күмісбек Ауғанбаев.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 24 қаңтар, сәрсенбі күні сағат 18.30-да, 25 қаңтар күні сағат 16.00-де Б.Жандарбековтің «Томирис» атты тарихи драмасы болады. Келіңіздер! Тамашалаңыздар!

15 қаңтар күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры ұжымында Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіріп, насихаттауға арналған семинар өткізілді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 21 - 30 желтоқсан аралығында болатын Жаңа жылдық қойылымдарға жас жеткіншектеріңізбен келіп, тамашалаңыздар!!! Театр ұжымы сіздерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтайды!!!

Құрметті Тараздықтар мен қала қонақтары сіздерді еліміздің басты мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен Жамбыл облыстқ қазақ драма театры атынан шын жүректен құттықтаймыз!!! Баршаңызға зор денсаулық, аман саулық, мол ырыс - береке тілейміз!!!