Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

2018 жылдың 5-қазанында өткен, Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті әрі маңызды жолдауын, Жамбыл облыстық қазақ драма театры мен Жамбыл облыстық орыс драма театры ұжымдары тікелей эфирде тамашалады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 83-ші жаңа маусымы 2018 жылдың 3 қазаны күні жазушы-драматург Мархабат Байғұттың «Асқаровтың аққайыңдары» атты драмасының премьерасымен ашылды.

Автордың өзі айтқандай, бұл драма «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы мақсат-міндеттерге сай, қазақ тарихындағы белгілі тұлғалардың өшпес істері мен өнегелі өмір жолдарын терең танытып, насихаттауға арналған.

Премьераны тамашалауға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов және облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Жандар Кәрібаев бастаған облыс, қала әкімдіктерінің басшы қызметкерлері, облыстық басқармалардың басшылары, облыстық Ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері мен еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, БАҚ журналистері келді.

Түркістан облысынан келген қонақтар қатарында драма авторы, жазушы-драматург Мархабат Байғұт бастаған бірқатар қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары және еңбек ардагерлері болды. Сондай-ақ, Алматы облысы мен Меркі ауданынан Асанбай Асқаровпен қызметтес болған тұстастары, жолдастары, туыс бауырлары болды.

Қойылымда Асанбай Асқаров образын театр артисі, ҚР Мәдениет қайраткері Жүніс Әлімбеков барынша шынайы шығарса, Асқаровтың жұбайы Фатима ролін артист Индира Мұстафаева да бар шеберлігін салып, ерекше сомдап шықты. Ана бейнесін Қазақстанның халық артисі Мәкен Рахымжанова сомдады.

Сондай-ақ, зұлым тоталитарлық режим өкілдері: КПСС Орталық Комитетінің Саяси бюросының мүшесі Соломенцевті сомдаған артист, Республикалық театр фестивалінің лауреаты Мәлік Ақүрпеков, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің полковнигі Золин ролін сомдаған артист Мәмбет Қожалиев, тергеуші Калиниченко роліндегі артист Жандар Қырықбаев, түрме бастығы, ішкі істер қызметі полковнигі ролінде ойнаған ҚР еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілхан және тағы басқалар өз кейіпкерлерінің бейнесін барынша шынайы ашып, жеткізе білді.

Премьераны көруге келген көрермендерде шек болмады, зал лық толды. Артистер өнеріне, әсіресе Асанбай Асқаровты сомдаған театр артисі, ҚР Мәдениет қайраткері Жүніс Әлімбековтің өз кейіпкерінің қиын-қыстау, қысталаң сәттегі бүкіл болмысын, ішкі жан-дүниесін, тебіренісін, толғанысын айрықша шеберлікпен көрсете білуіне риза болған көрермендер дүркін-дүркін қол соғумен болды.

Қойылым соңында театр ұжымына облыс әкімінің ықылас гүлі табыс етілді.

Өз кезегінде драма авторы Мархабат Байғұт та сөз алып, осы қойылымды дүниеге әкелген барлық шығармашылық ұжымға шексіз ризашылығын білдіріп, Түркістан облысы мен шымкенттіктер атынан қоюшы-режиссер Қуандық Қасымовқа, қоюшы-суретші Рахат Сапаралиеваға, сондай-ақ, Асанбай Асқаровты сомдаған артист Жүніс Әлімбековке, Фатиманы бейнелеген актриса Индира Мұстафаеваға сый-сияпаттар жасады.

83 Маусымының ашылуына қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Маусымды танымал режиссер: Қуандық Қасымовтың "Асқаровтың АҚҚАЙЫҢДАРЫ" драмасының премьерасымен бастаймыз!!!

Жамбыл облыстық қазақ драма театры Тараз қаласының Карбышев атындағы #16 орта мектебінде, автор әрі театр актрисасы А. Атымтаеваның "Жаңғырған жаңа күн" атты ертегісін көшпелі қойылыммен сахналады. Ертегіде жан-жануарлардың өзара достық пен татулықта Жаңа күнді үлкен шаттық пен қуаныш үстінде қарсы алуы баяндалады.

Көптен күткен туынды! Жамбыл облыстық қазақ драма театры сахнасында Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат ордені иегері атақты артист Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың "ҚУЫРШАҚТАР" атты психологиялық моноспектаклінің премьерасы өтті. Қоюшы режиссер: Қуандық Құлмамырұлы Қасымов.

2018 жылдың 20-21 қыркүйегі күндері Тұңғышбай Әл-Таразидің «ДАТ» театры Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қолғанат Мұраттың «Қуыршақтар» атты психологиялық моноспектаклін көрсетеді.

Спектакльде басынан-аяқ актердің өзі өмір кешеді.

Шығарма оқиғасы адамзат баласының жеке тұлға бола тұрып, басынан кешер қиындықтары, қасіреті, ашынуы, арпалыспен жүріп ғұмырдың аяқталуы жайлы баян етеді. Сондай-ақ, шындық пен аярлықтың күресіндегі қатыгездіктердің бетін ашуға ұмтылады.

Қойылым режиссері – Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.

Қойылымның басталуы 20-21 қыркүйек күндері сағат 18-30-да.

Билеттер театр кассасында сатылады. Билет саны шектеулі. Сатылымға 100 ғана билет шығарылады. Бағасы – 10 000 теңге.

Байланыс телефондары: 45-29-68, 45-79-89

Жамбыл облыстық қазақ драма театры Сарыкемер ауылы "Мұрагер" балабақшасының бүлдіршіндеріне, "Жаңғырған жаңа күн" атты спектаклін көшпелі қойылымда сахналады.

Концерттің жартысы мерейтой иесін құттықтаумен жалғасты. Өз құттықтаулары мен сый-сыйапаттарын табыс етуге, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуов, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Досхан Қалиұлы Жолжақсынов және ҚР халық артисі, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұло, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шар қаласының әкімі Мұратхан Базылханұлы Сәкенов және Шар қаласының «Сән и Я» фабрикасының директоры Сәния Бекежанқызы Аутқанова, Шар қаласы «Шалабай» асыл тұқымды мал зауытының директоры Қуаныш Сүлейменов, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ашанов Сайлаухан және әріптестеріміз облыстық орыс драма театры ұжымының құттықтауын жеткізу үшін директор орынбасары Сон Валерия Михайловна және көркемдік жетекшісі Камат Касенов сахна төріне шақырылды. Мерейтой иесіне арналған кеш концерттік бағдарламамен аяқталды.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты», «Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері» және «еңбек ардагері» марапаттарының иегері Нұрсифат Рахымбайқызы Салықованың 80 жасқа толу мерейтойы атап өтілді. Салтанатты кештің басталуы, мерейтой иесін қызыл кілеммен марапатты түрде қарсы алудан басталды. Кеш театрдың үлкен залында концерттік бағдарламен жалғасты, кештің басты бағдарламасы театр актрисасы Н. Саклықованың өмірі мен өнер жолындағы оқиғаларын, спектакльдік қойылымымен театр әртістері көрініс қойды.

2018 жылдың 25 тамызы, сенбі күні сағат 17.00-де Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, көрнекті сахна шебері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Салықова Нұрсифат Рақымбайқызының 80 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтеді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры №33 "Айсәуле" балабақшасына, "Ақ күшіктің туылған күні" атты бүлдіршіндерге арналған спектаклін көшпелі қойылымда сахналады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры кезекті әрі қызықты көшпелі қойылымға шықты. Көшпелі қойылым Тараз қаласы "Аю" балабақшасында қойылды.

Актриса Салықова Нұрсифат Рақымбайқызы 40 жыл ішіндегі актрисалық жолында театрда 100-ден аса драмадарда әр түрлі кейіпкерлерді сомдаумен қатар, бірқатар телефильмдер мен көркем фильмдерде де ойнап танылған берлгілі өнер иесі. Олардың ішінде, әсіресе, 2015 жылы түсірілген Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» кинофильмінде Құнанбайдың анасы Зеренің ролінде ойнап, ерекше актрисалық шеберлігімен танылып, осы еңбегі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» атанды.

2018 жылдың 25 тамызы, сенбі күні сағат 17.00-де Жамбыл облыстық қазақ драма театрында осы ұжымда 40 жылдан аса үзбей актрисалық қызмет атқарған көрнекті сахна шебері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Салықова Нұрсифат Рақымбайқызының 80 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтеді.

Келіп, осы шараны тамашалаймын деушілерге театр есігі ашық.

24 қаңтар күні М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың "Жастар сарайында" Жамбыл облысы əкімдігінің мәдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының 2017 атқарылған жұмыстарының қорытындысы мен 2018 жылы атқаратын міндеттері туралы есеп беру жиналысы өтті. Жиынға Жамбыл облысы əкімінің орынбасары Манжуов Ерқанат Нұрбапаұлы мен облыс əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Бықыбаев Дүйсенəлі Дыбысалыұлы жəне басқармаға қарасты мекемелер мен аудандардың мəдениет салаларының қызметкерлері қатысты.

2018 жылдың 24-25 қаңтарында Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Болат Жандарбековтің «Сақтар» романынындағы Сақ патшайымы Томириске қатысты оқиғалар желісінде дайындалған «Томирис» драмасының тұсаукесер қойылымы сахналанды.