Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

МҰҚАҒАЛИ   МАҚАТАЕВ.  "1941 жыл.  АҚПАН".            (Өлеңді  мәнерлеп оқыған  Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі,  ҚР Мәдениет қайраткері  ЖҮНІС  ӘЛІМБЕКОВ)

04.05.20Артта қалған елі мен туған жерін қорғап,  қан майданда ерлікпен қаза тапқан Ақәділ Суханбаев өз ерлігін 1944 жылғы  31 шілдеде Польша жерінде жасады.  Шешуші бір шайқаста  қасық қаны қалғанша,  бетпе-бет келген ажалдан қаймықпай,  қасық қаны қалғанша айқасып,  24 жасында мерт болған Ағаділдің  жарқ еткен жұлдыздай қысқа  ғұмыр жолы мен ерлігі туралы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-драматург АРҒЫНБАЙ  БЕКБОСЫНҰЛЫ  "Ньюренбургтен бұрын", "Мен, Суханбайдың ұлы -  Ағаділ!" атты  драмалар жазып, автордың осы шығармалары Жамбыл облыстық қазақ драма театрында сахналанған болатын. Онда басты роль -  Ағаділ бейнесін театр актері Жүніс Әлімбеков сомдады. АҒАДІЛ СУХАНБАЕВ 1944 жылы  31 шілде күні Польша жеріндегі Стельцовизна деревнясы үшін болған ұрыста шешуші сәтте  оқ төгіп жатқан жау дзотына  кеудесін тосып,  сан ұлттың өкілдерінен тұратын әскери құраманың  мыңдаған жауынгерлерін төніп келе жатқан  ажалдан арашалап қалды. Шайқас жеңіспен  аяқталған соң  31-ші Армия Әскери Кеңесінің шешімімен және  майдан қолбасшысының  тапсырмасымен денесі  Польшада қалдырылмай, Литваның курортты Друскининкай  қаласындағы бауырластар зиратына   үлкен митинг өткізіліп,  әскери салт-жоралармен жерленген.

Жеңіс мерекесі мен Отан қорғаушылар күніне орай Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының талантты жас актрисасы СЫМБАТ НҰРСЕЙІТОВАНЫҢ мәнерлеп оқуында – назарларыңызға екі жаһандық соғысқа қатысқан майдангер, қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын СЫРБАЙ МӘУЛЕНОВТІҢ «СОҒЫСТАН ҚАЙТҚАН СОЛДАТТАР» атты жырын ұсынамыз!

Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнертану кандидаты, профессор ТҰҢҒЫШБАЙ Әл-ТАРАЗИДІҢ туған жері - қасиетті Әулиеата өңірі, Тараз қаласы жұртшылығына арнаған мерекелік жалынды құттықтауы...

АСҚАР ТОҚПАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ ЖҮНІС ӘЛІМБЕКОВТІҢ 1-МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ МЕРКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН ҚҰТТЫҚТАУЫ

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА АСҚАР ТОҚПАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ АРТИСТЕРІНІҢ 1-МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ҚҰТТЫҚТАУЫН ҰСЫНАМЫЗ!

ОНЛАЙН КОНЦЕРТ КӨРІП, ҚОЙЫЛЫМ ТАМАШАЛАҢЫЗ!

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ – ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ БІР ОҚИҒАСЫ !!!

Бүгін Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының талантты актері, Халықаралық және Республикалық театр фестивальдарының лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері ЖҮНІС ӘЛІМБЕКОВТІҢ мәнерлеп оқуында – жерлесіміз, ақын-сазгер Қайрат Бисембаевтың «БІЗДІҢ КЕЗ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ ЕДІ!» атты балалық шақтың қызықты да әсерлі сәттері көңілге сағыныш ұялататын лирикалық әсем жырын назарларыңызға ұсынамыз!

altyn adam

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН
🖋Авторы: Ә.Файзуллаұлы
🎭Режиссері: Ә.Баймаханова
Сілтемесі төменде 👇

Бала болдық. Көктөбеде жүрдік. Арманымыз асқақ болды. Əнге бейім болғымыз келді. Жерлес əнші - композиторға тəнті болдық, əніне шын толқыдық. Ол -- Əбиірбек Тінəлі ағамыз еді.

Сахна саңлақтары тікелей эфирде! 28 сәуір күні, сағат 21:00-де!

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының директоры, белгілі ақын, жазушы - драматург БОЛАТ БЕКЖАНОВ "Әділдік, парасаттылық, сенім" тақырыбында облыстық "Антикор" штабында өткен дөңгелек үстел отырысында адамға тән ізгілік, рух, парасаттылық қасиеттерді Ұлы Абай даналығымен байланыстыра әңгімелеп берді.

1-9 мамыр аралығындағы онлайн іс-шаралар жоспары

ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ТАҚЫРЫПҚА САЙ ӘНДЕРГЕ, ӨЛЕҢДЕРГЕ, КӨРКЕМСӨЗДЕРГЕ, СУРЕТТЕРГЕ  БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

ҚҰРМЕТТІ ӘБИІРБЕК БЕРДЕНҰЛЫ!
Сізді, бүгін, 22 сәуір – туған күніңізбен, әрі Пайғамбар жасы – 63-ке толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

  🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН

  🖋Авторы: Н.Оразалин
  🎭Режиссері: Б.Ұзақов
  🖼Суретшісі: Р.Сапаралиева

Бүгін Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының талантты актері, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты КЕНЕН АҚҮРПЕКОВТІҢ орындауында – белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақыт Беделханның «МАХАМБЕТТІҢ МОНОЛОГЫН» назарларыңызға ұсынамыз!


20 сәуір күні сағат 22:00-де