Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Театрымыздың гастрольдік сапарының екінші күні жалғасуда, бүгін театрымыз Жаңатас қаласының Абылай хан атындағы мектеп лицейінің оқушыларына М. Абайділдә мен С. Пірмановтың "Балшық бала" ертегісін ұсынды.

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театры Жаңатас қаласына М. Абайділдә мен С. Пірмановтың "Балшық бала" ертегісімен гастрольдік сапарын бастады. Гастрольдік сапар сәуір айының 15,16,17 күндері аралығында өтеді. Сапарымыздың алғашқы күні Жаңатас қаласының С. Сейфулин атындағы мектебінен бастау алды.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай 17-19 сәуір күндері өткізілетін Халықаралық театр фестиваліне Б.Жандарбековтің «ТОМИРИС» эксперименталды драмасымен қатысуға шақыру алып, Ақтөбе қаласына шығармашылық сапармен жол жүріп кетті.

Ақ жол, Сіздерге, жамбылдық өнер қырандары!

Айта кетейік, драмада Сақ патшайымы ТОМИРИС ролін – белгілі талантты актриса, Халықаралық театр фестивалінің лауреаты Анар Сағымбекова сомдаса, әлемді жаулап алуды аңсаған, зұлым да залым КИР патша ролін белгілі театр және кино актері, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Кенен Ақүрпеков сомдайды...

Бүгін театрымызда «Сен, Мен!» атты жаңа қойылымының кезекті қойылымы өтті. Драма оқиғасы Нази есімді қыздың махаббат үшін, бақытты өмір үшін алға ұмтылып, бірде дұрыс жол тауып, бірде адасып, бірде сол тығырықтан қайта шығып, жанталасқан күресін жеткізеді.

12 сәуір сағат 12:00 Жамбыл облыстық қазақ драма театры бүлдіршіндерге арнап А. Сағымбековамен, К. Ақүрпековтың "Балшық бала" ертегісін барша балалардың назарына ұсынды.

11 сәуір Жамбыл облыстық қазақ драма театрында С. Сәтбаев пен Т. Теменовтың "Көгілдір такси" мелодрамасын қала тұрғындарының назарына ұсынды.

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театры мектеп оқушыларының назарларына Ж.Омаровтың "Құлыншақ" ертегі фантазиясын ұсынды.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының «Сен, Мен!» атты кезекті жаңа қойылымының тұсаукесер қойылымын көрсету – театрдың төл мерекесі Халықаралық театр күніне дәл келді.

Осы күні қойылымның алдында Халықаралық театр күніне орай, өнер ұжымын құттықтауға келген облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Республикалық Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының Жамбыл облыстық филиалының және облыстық Ардагерлер кеңесінің басшылары сахна өнерінде үздік танылып жүрген бірқатар артистер мен қызметкерлерді Алғыс хаттармен, Грамоталармен марапаттады. Марапаттау соңында Наурыз көже таратылып, құдайы тамақ берілді.

Соңынан театрдың «Сен, Мен!» атты жаңа қойылымының премьерасы тамашаланды.

«Сен, Мен!» драмасын қырғыз драматургі Мар Байжиевтің «Дуэль» атты пьесасының желісі бойынша сахнаға дайындаған – режиссер Камат Касенов. Сценографиясын дайындаған - қоюшы-суретші Рахат Сапаралиева.

Драма оқиғасы Нази есімді қыздың махаббат үшін, бақытты өмір үшін алға ұмтылып, бірде дұрыс жол тауып, бірде адасып, бірде сол тығырықтан қайта шығып, жанталасқан күресін жеткізеді.

Нази қыз өзін адастырып жүрген Сен (Ескендір) атты жігіттің алдамшы өтіріктеріне сенер-сенбесін білмей, басы қатып, «Бақыт деген не?» деген көкейіндегі сауалға жауап таба алмай жүрген...

Сен (Ескендір) Нази қызды теңіз жағасына демалуға алып келеді. Нази қыздың шын бақытты іздеу жолындағы күресі осы теңіз жағасында да жалғасады... Ол теңіз жағасында Мен (Азиз) атты жігітпен жолығады... «Бақыт деген не?» деген сауалын Нази жаңа танысқан жігітіне де қояды. Мен (Азиз) оған: «Бақыт деген – ол, арман. Адам сол арманына жеткенде, бақытты болады» деп жауап береді... Жігіттің бұл жауабы қыздың көкейіне қонады... Қыз шын бақыттың, артынан шын махаббаттың да не екенін ұғады... Нази қыз теңіз жағалауында жолыққан осы бейтаныс жігітті (Мен-Азизді) шын сүйіп қалғанын сезінеді... Жігіт те қызды сүйіп қалады...

Қызды алдамшы сезіммен жетелеп жүрген Сен (Ескендір) болса, өзінің өтірігі әшкереленіп, далада қалғанын ұғады... Қыз одан теріс айналады... өйткені, ол шын бақытын, шын махаббатын Меннен табады... Мен оны дұрыс жолға жетелейді...

Драманың идеясы «Бақыт деген – ол, арман. Адам сол арманына жеткенде, бақытты болады», - деген ақиқат шындықты ұқтырады.

9 сәуір Жамбыл облыстық қазақ драма театры Тараз қаласының #3 мектеп лицейінің оқушыларына Б. Айдарбековтың "Тағдыр тәлкегі" мұңлы драмасын сахналады.

3 сәуір күні Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында жыр алыбы Жамбыл бабамыздың рухын асқақтатып, өнерін жалғастырушы, еліміздің әр түкпірінен іріктеліп шыққан дүлдүл ақындардың қатысуымен «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Аталған аламан бәйге Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйытқы болуымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткенін айтуымыз қажет.

Айтыс додасында әр өңірден келген 10 жұп айтыскер ақындар сайысқа түсті.

Бірінен бірі оза шауып, сөз сайысын қыздырған от ауызды, орақ тілді ақындардың өнерін тамашалаған халық та делебелері қозып, арқаланып отырды...

Жастардан бастап, еңкейген қарияларға дейін, барлық көрермен айтыс қорытындысын аяғына дейін күтіп, айтыстан кеш тарқады...

...Айтыс қорытындысын белгілі ақын Жүрсін Ерман бастаған Қазылар алқасы жариялады.

Аламан айтысқа тігілген БАС ЖҮЛДЕ – автокөлікті Жамбыл облысы ақыны Қанат Мырзахан жеңіп алды. 1-ші орын жүлдесі – 1 млн. теңгені қарағандылық ақын Дидар Қамиев қанжығалады.

2, 3 орындарды иеленген ақындар да қомақты жүлдеге ие болды. Айтысқа қатысқан қалған ақындар да түгелдей ынталандыру сыйлықтарын алды.

Тараз қалалық Ықылас Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінде Жамбыл облыстық қазақ драма театрының талантты актері Елжан Жармұхамедовтің кино әлеміндегі тұңғыш тырнақалды туындысы "САҒЫМ" атты толықметражды көркем фильмінің тұсаукесері болды.

Көрермендер аса зор ризашылықпен қабылдаған фильмде біздің Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актерлері басты рольдерімен қатар, барлық эпизодтық рөлдердеде қамтылып, өз кейіпкерлерін барынша нанымды да тартымды срмдап шыққаны - біздің ұжым үшін зор қуаныш.

Әсіресе, біздің театрдың артистері:ағайынды екі жігіттің кішісін сомдаған Нұрсұлтан Махановтың, олардың әке - шешелерін ойнаған Жүніс Әлімбеков пен Майра Әлімбетованың, молда кісі - Әбиірбек Тінәлі, судья әйелді сомдаған Анар Сағымбекованың, басқа да кейіпкерлерді ойнаған - Асқарбек Сейілханның, Кенен Ақүрпековтің, Индира Мұстафаеваның, Назым Ақылованың, Жандар Қырықбаевтың басты эпизодтық рольдерді сомдаған басқа да өнер иелерінің ойындарына көрермен дән риза болды.

28 наурыз күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында драматург Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегі» атты драмасы сахналанды.

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы күрес тақырыбын насихаттау – мемлекетіміздің қауіпсіздік саясатындағы басты мақсаттардың біріне айналып отырғаны белгілі.

Осы мақсатқа орай сахналанған «Тағдыр тәлкегі» драмасының негізгі идеясы діни экстремизм мен терроризм идеологиясымен уланған ланкестердің қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу және оған қарсы батыл күрес жүргізуді насихаттау болып табылады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының «Сен, Мен!» атты кезекті жаңа қойылымының тұсаукесер қойылымын көрсету – театрдың төл мерекесі Халықаралық театр күніне дәл келді.

Осы күні қойылымның алдында Халықаралық театр күніне орай өнер ұжымын құттықтауға келген облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылары сахна өнерінде үздік танылып жүрген бірқатар артистер мен қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ, Республикалық Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының Жамбыл облыстық филиалының басшылығы атынан бірқатар артистер мен театр қызметкеткерлері Құрмет грамотасымен марапатталса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Әлімбетова мен театрдың қойылым бөлімінің меңгерушісі Ділдабек Сыздықов ҚР Мәдениет қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар театрдың бірқатар ардагер артистері мен қызметкерлеріне Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттары табыс етілді. Ал, ардагер артистер Әнапия Ахмет пен Айжан Атымтаева «Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесіне 30 жыл» төсбелгісіне ие болды.

Сондай-ақ, театр ұжымының барлығына түгелдей төл мерекелеріне орай материалдық ынталандыру ретінде ақшалай сыйақы берілді.

Марапаттау салтанаты мен шағын концерт соңында қонақтар мен ұжымға Наурыз көже таратылып, құдайы тамақ берілді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының «Сен, Мен!» атты кезекті жаңа қойылымының тұсаукесер қойылымын көрсету – театрдың төл мерекесі Халықаралық театр күніне дәл келді.

Осы күні қойылымның алдында Халықаралық театр күніне орай, өнер ұжымын құттықтауға келген облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Республикалық Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының Жамбыл облыстық филиалының және облыстық Ардагерлер кеңесінің басшылары сахна өнерінде үздік танылып жүрген бірқатар артистер мен қызметкерлерді Алғыс хаттармен, Грамоталармен марапаттады. Марапаттау соңында Наурыз көже таратылып, құдайы тамақ берілді.

Соңынан театрдың «Сен, Мен!» атты жаңа қойылымының премьерасы тамашаланды.

«Сен, Мен!» драмасын қырғыз драматургі Мар Байжиевтің «Дуэль» атты пьесасының желісі бойынша сахнаға дайындаған – режиссер Камат Касенов. Сценографиясын дайындаған - қоюшы-суретші Рахат Сапаралиева.

Драма оқиғасы Нази есімді қыздың махаббат үшін, бақытты өмір үшін алға ұмтылып, бірде дұрыс жол тауып, бірде адасып, бірде сол тығырықтан қайта шығып, жанталасқан күресін жеткізеді.

Нази қыз өзін адастырып жүрген Сен (Ескендір) атты жігіттің алдамшы өтіріктеріне сенер-сенбесін білмей, басы қатып, «Бақыт деген не?» деген көкейіндегі сауалға жауап таба алмай жүрген...

Сен (Ескендір) Нази қызды теңіз жағасына демалуға алып келеді. Нази қыздың шын бақытты іздеу жолындағы күресі осы теңіз жағасында да жалғасады... Ол теңіз жағасында Мен (Азиз) атты жігітпен жолығады... «Бақыт деген не?» деген сауалын Нази жаңа танысқан жігітіне де қояды. Мен (Азиз) оған: «Бақыт деген – ол, арман. Адам сол арманына жеткенде, бақытты болады» деп жауап береді... Жігіттің бұл жауабы қыздың көкейіне қонады... Қыз шын бақыттың, артынан шын махаббаттың да не екенін ұғады... Нази қыз теңіз жағалауында жолыққан осы бейтаныс жігітті (Мен-Азизді) шын сүйіп қалғанын сезінеді... Жігіт те қызды сүйіп қалады...

Қызды алдамшы сезіммен жетелеп жүрген Сен (Ескендір) болса, өзінің өтірігі әшкереленіп, далада қалғанын ұғады... Қыз одан теріс айналады... өйткені, ол шын бақытын, шын махаббатын Меннен табады... Мен оны дұрыс жолға жетелейді...

Драманың идеясы «Бақыт деген – ол, арман. Адам сол арманына жеткенде, бақытты болады», - деген ақиқат шындықты ұқтырады.

Қойылымның бір ерекшелігі – драманың басты кейіпкерлері Сен-Ескендірді де, Мен-Азизді де бір ғана актер – Кенен Ақүрпеков сомдайды.

Бір-біріне мүлдем қарама-қайшы екі кейіпкерді бір қойылымда, бір мезгілде үлкен шеберлікпен ойнап шығуы, сөз жоқ, Кененнің мықтылығы!

Актер Кенен Ақүрпеков осы қойылым арқылы өзін тағы бір ерекше қырынан танытты!

Ал, Нази қыздың ролін сомдауға театрдың жас актрисалары Альмира Ділда мен Әсем Қондыбаева дайындалды. Олар әр қойылымда бірін-бірі ауыстырып, Нази қызды кезекпен сомдайтын болады.

Премьера күні Нази қызды актриса Альмира Ділда сомдап шықты.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының «Сен, Мен!» атты кезекті жаңа қойылымының тұсаукесер қойылымын көрсету – театрдың төл мерекесі Халықаралық театр күніне дәл келді.

Осы күні қойылымның алдында Халықаралық театр күніне орай өнер ұжымын құттықтауға келген облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылары сахна өнерінде үздік танылып жүрген бірқатар артистер мен қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ, Республикалық Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының Жамбыл облыстық филиалының басшылығы атынан бірқатар артистер мен театр қызметкеткерлері Құрмет грамотасымен марапатталса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Әлімбетова мен театрдың қойылым бөлімінің меңгерушісі Ділдабек Сыздықов ҚР Мәдениет қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар театрдың бірқатар ардагер артистері мен қызметкерлеріне Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттары табыс етілді. Ал, ардагер артистер Әнапия Ахмет пен Айжан Атымтаева «Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесіне 30 жыл» төсбелгісіне ие болды.

Сондай-ақ, театр ұжымының барлығына түгелдей төл мерекелеріне орай материалдық ынталандыру ретінде ақшалай сыйақы берілді.

Марапаттау салтанаты мен шағын концерт соңында қонақтар мен ұжымға Наурыз көже таратылып, құдайы тамақ берілді.

Наурыз мейрамы қарсаңында Жамбыл облыстық қазақ драма театры А. Атымтаеваның "Жаңғырған жаңа күн" ертегісін #34 мектеп оқушыларының назарларына ұсынды, қойылым соңында Қыдыр ата мен Ұмай ана келіп, балаларды келе жатқан Әз Наурыз мейрамымен құттықтап, бастасын берді.

Бүгін «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке жұмысына Жамбыл облыстық қазақ драма театры директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Канат Агадилов те қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту, оларға түрлі әлеуметтік жеңілдіктер көрсету шараларына қатысты ұсыныстармен танысты.

Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі жастардың Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өткізілетін әр алуан мәдени шаралар мен сахналық қойылымдарға тұрақты қолжетімділігі қамтамасыз етілгендігін айтқан абзал.

12 наурыз, сағат 16:00-де Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Ғ. Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқты" трагедиясын көрермендер назарына ұсынды. Режиссері - Қуандық Қасымов

12 наурыз, сағат 12:00-де Жамбыл облыстық қазақ драма театрында М. Абайділдә мен С. Пірмановтың "Балшық бала" ертегісін кішкентай бүлдіршіндер назарына ұсынды. Режиссері - Кенен Ақүрпеков.