Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, әріптесіміз ИНДИРА МҰСТАФАЕВА Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, театр өнеріндегі зор жетістіктері үшін Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Индира Мұстафаева Жамбыл облыстық қазақ драма театрындағы актрисалық жолын ә дегеннен-ақ, жарқ еткен жанды бейнелерді сомдаудан бастап, бүгінде көрермендерінің сүйікті актрисасына айналған талантты өнер иесі. Ол, қазіргі кезде С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркегінде» - Гүлмайданды, Т.Нұрмағамбетовтің «Аса мәртебелі Сейфінде» - Мира атты қызды, Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында» - биші қызды, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Келін, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» - Сыған әйелдер бейнелерін, сондай-ақ, басқа да бірқатар қойылымдарда негізгі және көпшілік сахнасы рольдерін сомдап келеді.

Индира сонымен қатар, балаларға арналған қойылымдарда үнемі басты рольдерден көрінеді. Мәселен, «Құлыншақ пен бөлтірікте» - Ана бие, «Жақсы шәкіртте» - Құмырсқа, «Қошқар мен текеде» - Қасқыр, Қой, С.Пірмановтің «Алтын жұмыртқасында» - Бақ құсы, «Ақ күшіктің туған күнінде» - Тауық және тағы басқа бірқатар ертегілерде бекітілген бейнелерді мейлінше шебер орындап келеді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының талантты актері, әріптесіміз ЖАНДАР ҚЫРЫҚБАЕВ Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовтің қабылдауына қатысып, театр өнеріндегі зор жетістіктері үшін өңір басшысының Алғыс хатымен марапатталды және сыйақы ретінде 200 мың теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.

Жандар Қырықбаев 83 жылдық тарихы бар Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өшпес іздерін қалдырған кешегі Шәріпбай Сәкиев, Мұхаметқали Табанов, Қарабай Сатқанбаев, Спандияр Мұқышев және т.б. аса талантты алдыңғы буын ағаларының асқақ рухты жолдарын жалғастыруға барынша талпынып келе жатқан дарын иесі.

Ол, өзінің алғашқы актерлық қадамынан-ақ болашағынан зор үміт күтттіретін талантты актер екендігін танытты. Жандар Қырықбаев соңғы жылдары М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясындағы Есен образын барынша шынайы сомдап, әсерлі шығарды. Сондай-ақ, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» сазды драмасында Сағыныш қыздың күйеу жігіті Абзалдың ролін өмірдегі жанды бейнеден аудырмай, аса әсерлі етіп сомдады. Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасында Зарқымбек образын шебер жасады. Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясындағы басты кейіпкерлердің бірі Ержан бейнесін үлкен шеберлікпен сәтті шығарып, өнерсүйер қауымның ықыласына бөленді. Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» комедиясында қиялилау суретші Сұлтанды ойнаған артист Жандар Қырықбаевтың актерлік шеберлігіне көрермені тіптен ерекше тәнті болды. Мар Байжиевтің «Қалыңдық пен күйеу» драмасында Күйеу жігіттің ролінде ойнап, көрермен көзайымына айналды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтар» тарихи драмасында Тойкелді, Ә.Файзуллаұлының «Алтын Адам» аңыз ертегісінде атты әскер бейнесін шынайы суреткерлікпен сомдап шықты. Сонымен қатар, балаларға арналған көптеген ертегі-қойылымдарда бекітілген рольдерді асқан шеберлікпен сомдап, көрермендерін тәнті етіп келеді.

Ж.Қырықбаев бірнеше фильмдерге түсіп, киноактер ретінде де танылып жүрген өнер иесі.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында мектеп қабырғасында оқитын жас бозбала жігіттің ең алғашқы махаббат сезімін жеткізуге құрылған «Алғашқы махаббат» атты қызықты комедия сахналанды.

Комедия оқиғасында Қанат атты жоғары сыныпта оқитын жас бозбала жігіт мектепке қызметке жаңа келген өздерінің сынып жетекшісі, жас мұғалима қызға деген өзінің алабөтен сезімін байқайды... Ол – оқушы жігіттің мұғалимаға деген - алабұртқан алғашқы махаббат сезімі еді. Жігіт жас мұғалимаға деген өзінің осынау бейкүнә албырт сезімін үнемі сыршыл жырларымен жеткізеді...

Қойылымдағы мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қызықты оқиғалар көрермен жанын бірден баурап алады. Пьеса авторы – Қанат Жүнісов. Қойылым режиссері - Анар Сағымбекова.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2019 жылдың 25 мамыры, сенбі күні сағат 17.00-де Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің арман қуған жастар мен ауыл өмірінің қызықты оқиғаларына құрылған «Беу, қыздар-ай!» атты комедиясы қайырымдылық қойылым ретінде көрсетіліп, одан түскен қаржы ауыр науқаспен ауыратын екі жарым жастағы Аруназ Саматқызы атты жас сәби қыздың емделуі үшін жинақталып жатқан қаржы қорына қайырымдылық ретінде қосылатын болады. Қасиетті Рамазан айында жас сәбиді ауыр науқастан арашалап қалу үшін қайырымдылық жасауға асығайық, ағайын!

Қойылымға қайырымдылық билеттерін сатып алып, кіре аласыздар! Қойылым Жамбыл облыстық қазақ драма театрының Үлкен залында болады. Алдыңғы орындарға 1 билет бағасы – 1 мың теңге, артқы орындарға – 500 теңге.

Билеттер театр кассасында және жеке таратушылар арқылы сатылады. Байланыс үшін телефондар: 8-747-913-75-70; 8-747-739-69-95; 8-707-487-32-89 немесе 8 (726-2) - 45-29-68.

Бүгін театрымыз көшпелі қойылыммен Тараз қаласының #23 балабақшасында С. Пірмановтың "Алтын жұмыртқа" ертегісін ұсынды. Балабақша бүлдіршіндерінің көңілдерінен шықты деп сенеміз.

Бүгін театрымыздың кіші залының сахнасында бүлдіршіндер назарына С. Пірмановтың "Алтын жұмыртқа" ертегісі ұсынылды, бүлдіршіндер жақсы демалып қайтты деп сенеміз.

Беу қыздар-ай! комедиясы көпшілік назарына қайта ұсынылып, тағы да көрерменнің зор ықыласына бөленды. Комедия авторлары Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаев. Қоюшы-режиссері Рүстем Жаныаманов.

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театры, болашағымыз жастардың тәлім тәрбиесі мен діни сауттылығын, өмірлік көзқарастарының жақсы болуы мен ақ пен қараны ажырата алсын деген мақсатта, ерекше тәрбиелік мәні бар қойылымдардың бірі Б. Айдарбековтың "Тағдыр тәлкегі" мұңлы драмасын жас көрермендер назарына ұсынды.

Бүгін театрымыздың сахнасында бүлдіршіндер назарына С. Пірмановтың "Алтын жұмыртқа" ертегісі ұсынылды, бүлдіршіндер жақсы демалып қайтты деп сенеміз.

АТА-АНАЛАР  МЕН  МЕКТЕП  БАСШЫЛАРЫНЫҢ  НАЗАРЫНА! «ОҚУШЫЛАРДЫ  ТЕАТРҒА  АПАРУ -  АҚША  ЖИНАУ ЕМЕС...» 

Құрметті ата-аналар мен ардақты педагогтар қауымы және «Тараз. Открытый диалог» тобының модераторы, Темурлан Турдалин мырза!

Әлеуметтік желілердегі - «Тараз. Открытый диалог» тобының 2019 жылдың сәуір айындағы постында жазылған: «Мектептерде  әр түрлі мақсаттарға заңсыз ақша  жиналады» деген  пікірлер  оқушылардың  театр сияқты өнер ошақтарына мәдени демалуға келулеріне еш  салқынын  тигізбеуі  тиіс.

Бала деген – өте әсершіл, кез-келген икемге тез иілгіш. Осы себепті жас жеткіншектердің  сабақтан  тыс уақытта, бір мезгіл,  өзінің  жан-жақты дамуына да, болашағына да пайдалы саналатын  көпшілік шараларға  барып, қатысып,  мәдениет, өнер, спорт әлемі сыйқырларынан  өзіндік  рухани азық  алуларына  қолдау көрсету – ата-аналардың да,  педагог қауымының  да басты парыздарының бірі болса керек...

Театр – балалар үшін рухани өсуге, әдемілік пен әдептілікке тәрбиелейтін бірден-бір эстетикалық өнер ордасы. Өресі биік өнер де,  көрерменге көрікті ой салар  өнер де  - осы, театр!

Ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов театрды – «Ең сымбатты өнер» деп сипаттаса, Ғабит Мүсірепов  - «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деп тамсанады...

Ендеше, құрметті ата-аналар мен ардақты педагогтар қауымы!

  Оқушылардың  театрға келуі  –  босқа ақша жинау емес... Ол – ақша жинаудан да үлкен мақсатты  дүние.  Оны бүгін ескермесек, ертең кеш болары хақ. 

4 мамыр күні өткен латын әліпбиімен кешенді диктант жазу шарасына Жамбыл облыстық қазақ драма театрының қызметкерлері де белсенді ат салысты. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласынан үзінді ретінде берілген «Алтын адам» тақырыбындағы диктантты жазуға театрдың 24 – 60 жас аралығындағы қызметкерлері қатысты.

Мәдениет қызметкелері арасында өткен футболдық турнирде Театрымыздың жігіттері жүлделі 1 орынға ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын жігіттер!

2 мамыр күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында мектеп қабырғасында оқитын жас бозбала жігіттің ең алғашқы махаббат сезімін жеткізуге құрылған «Алғашқы махаббат» атты қызықты комедия сахналанды.

Комедия оқиғасында Қанат атты жоғары сыныпта оқитын жас бозбала жігіт мектепке қызметке жаңа келген өздерінің сынып жетекшісі, жас мұғалима қызға деген өзінің алабөтен сезімін байқайды... Ол – оқушы жігіттің мұғалимаға деген - алабұртқан алғашқы махаббат сезімі еді. Жігіт жас мұғалимаға деген өзінің осынау бейкүнә албырт сезімін үнемі сыршыл жырларымен жеткізеді...

Қойылымдағы мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қызықты оқиғалар көрермен жанын бірден баурап алады. Пьеса авторы – Қанат Жүнісов. Қойылым режиссері - Анар Сағымбекова.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры көшпелі қойылыммен Жамбыл ауданы Бесағаш ауылының кішкентай тұрғындарының назарына М. Абайділдә мен С. Пірмановтың "Балшық бала" ертегісін ұсынды.

Театрымыздың қызметкерлері бүгінгі жұмыс күндерінің кішкене уақыттары мен көңілдерін бөліп, мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия қонақтары Тараз қаласы# 49 мектеп гимназиясының 4 сынып оқушылары. Экскурсия барысында Театрымыздың тарихынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі еңбектері мен еңбек еткен барша театр актерлері таныстырылды. Онымен қоса театр өнерінің жұмыстары таныстырылды. Жалпы жаңадан қойылатын қойылымдардың көрермен назарына жеткенге дейінгі жұмыстарымен таныстырылды. Балалармен би билеп бой жазып та алдық. Мектеп оқушылары жақсы түсініп, өздеріне керек ақпарат алды деп сенеміз...

Сапарымыздың үшінші әрі соңғы күні Жаңатас қаласының М. Әуезов атындағы мектеп гимназиясының оқушыларына М. Абайділдә мен С. Пірмановтың "Балшық бала" ертегісін ұсынды.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай 17-19 сәуір күндері өткізілетін Халықаралық театр фестиваліне Б.Жандарбековтің «ТОМИРИС» эксперименталды драмасымен қатысуда. Ұжымдастарымызға жеңіспен оралуына шын жүректен тілектеспіз. Ақ жол, Сіздерге, жамбылдық өнер қырандары!

Гастрольдік сапарымыздың екінші күннің жалғасы Жаңатас қаласының Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп оқушыларының назарларына М. Абайділдә мен С. Пірмановтың "Балшық бала" ертегісін ұсынды.