Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

"БАЛШЫҚ БАЛА" ертегісі

Авторы: М. Абайділдә, С. Пірманов
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова, Кенен Ақүрпеков
Рөлдерде: Балшық бала - (Медеу Ердалиев)
Анасы - (Галина Қойшыбаева)
Әкесі - (Ахмет Әнапия)
Ақтөс - (Мейірбек Есімбекұлы)
Аю - (Әбу Шоңбаев)
Қасқыр - (Нұрсұлтан Маханов)
Түлкі - (Ризат Қылышбаева )

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының кіші залында балалар назарына "АЛТЫН ЖҰМЫРТҚА" ертегісі ұсынылды.

Авторы: С. Пірманов
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова
Рөлдерде: Қаптесер - (Әсем Қондыбаева)
Күшік - (Әбу Шоңбаев)
Сауысқан - (Ризат Қылышбаева)
Әтеш - (Елжан Жармұхамедов)
1 қарға - (Жандар Қырықбаев)
2 қарға - (Азамат Шәкенбаев)
3 қарға - (Мейірбек Есімбекұлы)
Бақ құсы - (Сымбат Нұсейітова)

15 маусым Жамбыл облыстық қазақ драма театры, Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының қолдауымен "Ортағасырлық Төрткүл керуен сарайында" Табиғаттағы Театр қойылымы өтті. Аталған қойылымда Ғабит Мүсіреповтің пьесасы желісі бойынша "ҚЫЗ ЖІБЕК" драмасы сахналанды. Қоюшы-режиссері Қуандық Қасымов.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры көшпелі қойылыммен "Бөбек" сауықтыру орталығының бүлдіршіндеріне "Жаңғырған жаңа күн" ертегісін ұсынды.

Авторы: А. Атымтаева
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова
Рөлдерде: Алдар көсе - (Бексұлтан Әлекешов)
Қожанасыр - (Азамат Шәкенбаев)
Құлыншақ - (Альмира Ділда)
Бұзау - (Нұрсұлтан Маханов)
Теке - (Елжан Жармұхамедов)
Жез тырнақ - (Ризат Қылышбаева)
Дию - (Абзал Дәулетбақов)
Жер ана - (Гауһар Сұлтанбекова)

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театрының кіші залында балалар назарына "Ақ күшіктің туылған күні" ертегісі ұсынылды.

Авторы: С. Пірманов
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова
Рөлдерде: Ақ күшік - (Азамат Шәкенбаев)
Тентек бала - (Бексұлтан Әлекешов)
Қарт ит - (Әбу Шоңбаев)
Күн Шөже - (Альмира Ділда)
Бал шөже - (Әсем Қондыбаева)
Гүл шөже - (Сымбат Нұсейітова)
Әжесі - (Индира Мұстафаева)

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының кіші залында балалар назарына ұсынылды.

Авторы: С. Пірманов
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова
Рөлдерде: Қаптесер - (Әсем Қондыбаева)
Күшік - (Әбу Шоңбаев)
Сауысқан - (Ризат Қылышбаева)
Әтеш - (Елжан Жармұхамедов)
1 қарға - (Жандар Қырықбаев)
2 қарға - (Азамат Шәкенбаев)
3 қарға - (Мейірбек Есімбекұлы)

Авторы: М. Абайділдә, С. Пірманов
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова, Кенен Ақүрпеков
Рөлдерде: Балшық бала - (Медеу Ердалиев)
Анасы - (Галина Қойшыбаева)
Әкесі - (Елжан Жармұхамедов)
Ақтөс - (Абзал Дәулетбақов)
Аю - (Әбу Шоңбаев)
Қасқыр - (Нұрсұлтан Маханов)
Түлкі - (Назым Ақылова)

Авторы: Еркін Абдрешов
Қоюшы-режиссері: Абдрешов
Рөлдерде: Ақнұр Елемесова
Бексұлтан Әлекешов
Асан Зарина
Перизат Рыспанбетова
Мейірбек Есімбекұлы

Сіздерді "Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбына орай, Жамбыл облыстық қазақ драма театры ғимаратында орын алған, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған суретшілердің заманауи өнер туындыларының ашылу салтанаты өтті. Көрме маусымның 5-нен, шілденің 5-не дейін өтеді. Келіңіздер! Көріңіздер!

Авторы: С. Пірманов
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова
Рөлдерде: Қаптесер - (Әсем Қондыбаева)
Күшік - (Әбу Шоңбаев)
Сауысқан - (Ризат Қылышбаева)
Әтеш - (Елжан Жармұхамедов)
1 қарға - (Жандар Қырықбаев)
2 қарға - (Азамат Шәкенбаев)
3 қарға - (Мейірбек Есімбекұлы)

Авторы: М. Абайділдә, С. Пірманов

Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова, Кенен Ақүрпеков

Рөлдерде:

Балшық бала - (Бексұлтан Әлекешов)
Ақ күшік - (Мейірбек Есімбекұлы)
Анасы - (Галина Қойшыбаева)
Әкесі - (Ахмет Әнапия)
Қасқыр - (Нұрсұлтан Маханов)
Түлкі - (Назым Ақылова)
Аю - (Әбу Шоңбаев)

4 маусым сағат 9.30-да Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні мерекесі аталып өтілді. Қазақ театры мен орыс театрының ұжымы театрдың кіші залында Қазақстан Республикасының Мемлекетік Гимнін орындады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы 1-8 маусым күндері Татарстан Республикасының ҚАЗАН қаласында өткізілген «НАУРУЗ» Халықаралық театр фестиваліне Қ.Қасымовтың «ҚЫЗ ЖІБЕК» саунд-драмасымен сахналады.

Атаулы мереке күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры көшпелі қойылыммен Тараз қаласындағы #4 арнаулы орталық балалар мен жасөспірімдер үйінің бүлдіршіндеріне А. АТЫМТАЕВАНЫҢ "ЖАҢҒЫРҒАН ЖАҢА КҮН" ертегісін ұсынып бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап қайтты.

Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі.

Осыған орай Жамбыл облыстық қазақ драма театры ұжымы бір кісідей атсалысып, қуғын-сүргінді бастан кешкен ата-бабаларымызды еске алды. Саяси қуғын сүргін мемориалы алдына гүл шоуюқтарын қойып, жалпы театр ұжымына деректі фильм көрсетілді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы 1-8 маусым күндері Татарстан Республикасының ҚАЗАН қаласында өткізілетін «НАУРУЗ» Халықаралық театр фестиваліне Қ.Қасымовтың «ҚЫЗ ЖІБЕК» саунд-драмасымен қатысуға шақыру алып, Татарстанға шығармашылық сапармен жол жүріп кетті.

Ақ жол, Сіздерге, Жамбылдық өнер қырандары!

Айта кетейік, осы сапар алдында ғана Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ұжымы Ақтөбе қаласында өткен Халықаралық театр фестиваліне Б.Жандарбековтің «Томирис» атты экспериментальді драмасымен қатысып, тарихи қойылымдар бойынша арнайы номинацияға ие болып, қайтқан болатын.

Бүгін театрымызда орыс театрының ұжымымен бірге "діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған отырыста Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының мүшесі Джакипов Ерзат Джаскаебаевич сөз сөйледі. Қазақ және орыс театрларының директор орынбасарлары Қанат Агадилов пен Сон Валерия Михайловна театр іргесінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар, іс шаралар мен сахналық қойылымдарды баяндады. Әсіресе болашағымыз жастарға кеңінен түсіндіріліп, ақ пен қараны ажырата білсін деген мақсатта кеңінен айтылды. Дәл осы тақырыпта театр ұжымына белгілі уақыт ішінде осындай жиналыс, түсіндіру жұмыстары өтеді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры қасиетті Рамазан айында ауыр науқаспен ауыратын екі жарым жастағы Аруназ Саматқызы атты жас сәби қыздың емделуіне өз үлесін қосып, қаржылай көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың 25 мамыры, сенбі күні сағат 17.00-де театрдың Үлкен сахнасында көрермендер назарына Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің арман қуған жастар мен ауыл өмірінің қызықты оқиғалары баяндалатын «Беу, қыздар-ай!» атты комедиясын ұсынды.

Аталған қайырымдылық қойылымға сатылған билеттерден түскен қаржы толықтай екі жарым жастағы науқас бүлдіршін Аруназ Саматқызының емделуі үшін жинақталып жатқан қаржы қорына қосылды.

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театры сахнасында Спандиярбек Мұқышевтің "Апандағы адамдар" трагикомедиясының сдачасы өтті.