Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Беу қыздар-ай! комедиясы көпшілік назарына қайта ұсынылып, тағы да көрерменнің зор ықыласына бөленды. Комедия авторлары Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаев. Қоюшы-режиссері Рүстем Жаныаманов.

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театры, болашағымыз жастардың тәлім тәрбиесі мен діни сауттылығын, өмірлік көзқарастарының жақсы болуы мен ақ пен қараны ажырата алсын деген мақсатта, ерекше тәрбиелік мәні бар қойылымдардың бірі Б. Айдарбековтың "Тағдыр тәлкегі" мұңлы драмасын жас көрермендер назарына ұсынды.

Бүгін театрымыздың сахнасында бүлдіршіндер назарына С. Пірмановтың "Алтын жұмыртқа" ертегісі ұсынылды, бүлдіршіндер жақсы демалып қайтты деп сенеміз.

АТА-АНАЛАР  МЕН  МЕКТЕП  БАСШЫЛАРЫНЫҢ  НАЗАРЫНА! «ОҚУШЫЛАРДЫ  ТЕАТРҒА  АПАРУ -  АҚША  ЖИНАУ ЕМЕС...» 

Құрметті ата-аналар мен ардақты педагогтар қауымы және «Тараз. Открытый диалог» тобының модераторы, Темурлан Турдалин мырза!

Әлеуметтік желілердегі - «Тараз. Открытый диалог» тобының 2019 жылдың сәуір айындағы постында жазылған: «Мектептерде  әр түрлі мақсаттарға заңсыз ақша  жиналады» деген  пікірлер  оқушылардың  театр сияқты өнер ошақтарына мәдени демалуға келулеріне еш  салқынын  тигізбеуі  тиіс.

Бала деген – өте әсершіл, кез-келген икемге тез иілгіш. Осы себепті жас жеткіншектердің  сабақтан  тыс уақытта, бір мезгіл,  өзінің  жан-жақты дамуына да, болашағына да пайдалы саналатын  көпшілік шараларға  барып, қатысып,  мәдениет, өнер, спорт әлемі сыйқырларынан  өзіндік  рухани азық  алуларына  қолдау көрсету – ата-аналардың да,  педагог қауымының  да басты парыздарының бірі болса керек...

Театр – балалар үшін рухани өсуге, әдемілік пен әдептілікке тәрбиелейтін бірден-бір эстетикалық өнер ордасы. Өресі биік өнер де,  көрерменге көрікті ой салар  өнер де  - осы, театр!

Ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов театрды – «Ең сымбатты өнер» деп сипаттаса, Ғабит Мүсірепов  - «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деп тамсанады...

Ендеше, құрметті ата-аналар мен ардақты педагогтар қауымы!

  Оқушылардың  театрға келуі  –  босқа ақша жинау емес... Ол – ақша жинаудан да үлкен мақсатты  дүние.  Оны бүгін ескермесек, ертең кеш болары хақ. 

4 мамыр күні өткен латын әліпбиімен кешенді диктант жазу шарасына Жамбыл облыстық қазақ драма театрының қызметкерлері де белсенді ат салысты. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласынан үзінді ретінде берілген «Алтын адам» тақырыбындағы диктантты жазуға театрдың 24 – 60 жас аралығындағы қызметкерлері қатысты.

Мәдениет қызметкелері арасында өткен футболдық турнирде Театрымыздың жігіттері жүлделі 1 орынға ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын жігіттер!

2 мамыр күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында мектеп қабырғасында оқитын жас бозбала жігіттің ең алғашқы махаббат сезімін жеткізуге құрылған «Алғашқы махаббат» атты қызықты комедия сахналанды.

Комедия оқиғасында Қанат атты жоғары сыныпта оқитын жас бозбала жігіт мектепке қызметке жаңа келген өздерінің сынып жетекшісі, жас мұғалима қызға деген өзінің алабөтен сезімін байқайды... Ол – оқушы жігіттің мұғалимаға деген - алабұртқан алғашқы махаббат сезімі еді. Жігіт жас мұғалимаға деген өзінің осынау бейкүнә албырт сезімін үнемі сыршыл жырларымен жеткізеді...

Қойылымдағы мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қызықты оқиғалар көрермен жанын бірден баурап алады. Пьеса авторы – Қанат Жүнісов. Қойылым режиссері - Анар Сағымбекова.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры көшпелі қойылыммен Жамбыл ауданы Бесағаш ауылының кішкентай тұрғындарының назарына М. Абайділдә мен С. Пірмановтың "Балшық бала" ертегісін ұсынды.

Театрымыздың қызметкерлері бүгінгі жұмыс күндерінің кішкене уақыттары мен көңілдерін бөліп, мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия қонақтары Тараз қаласы# 49 мектеп гимназиясының 4 сынып оқушылары. Экскурсия барысында Театрымыздың тарихынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі еңбектері мен еңбек еткен барша театр актерлері таныстырылды. Онымен қоса театр өнерінің жұмыстары таныстырылды. Жалпы жаңадан қойылатын қойылымдардың көрермен назарына жеткенге дейінгі жұмыстарымен таныстырылды. Балалармен би билеп бой жазып та алдық. Мектеп оқушылары жақсы түсініп, өздеріне керек ақпарат алды деп сенеміз...

Сапарымыздың үшінші әрі соңғы күні Жаңатас қаласының М. Әуезов атындағы мектеп гимназиясының оқушыларына М. Абайділдә мен С. Пірмановтың "Балшық бала" ертегісін ұсынды.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай 17-19 сәуір күндері өткізілетін Халықаралық театр фестиваліне Б.Жандарбековтің «ТОМИРИС» эксперименталды драмасымен қатысуда. Ұжымдастарымызға жеңіспен оралуына шын жүректен тілектеспіз. Ақ жол, Сіздерге, жамбылдық өнер қырандары!

Гастрольдік сапарымыздың екінші күннің жалғасы Жаңатас қаласының Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп оқушыларының назарларына М. Абайділдә мен С. Пірмановтың "Балшық бала" ертегісін ұсынды.

Театрымыздың гастрольдік сапарының екінші күні жалғасуда, бүгін театрымыз Жаңатас қаласының Абылай хан атындағы мектеп лицейінің оқушыларына М. Абайділдә мен С. Пірмановтың "Балшық бала" ертегісін ұсынды.

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театры Жаңатас қаласына М. Абайділдә мен С. Пірмановтың "Балшық бала" ертегісімен гастрольдік сапарын бастады. Гастрольдік сапар сәуір айының 15,16,17 күндері аралығында өтеді. Сапарымыздың алғашқы күні Жаңатас қаласының С. Сейфулин атындағы мектебінен бастау алды.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай 17-19 сәуір күндері өткізілетін Халықаралық театр фестиваліне Б.Жандарбековтің «ТОМИРИС» эксперименталды драмасымен қатысуға шақыру алып, Ақтөбе қаласына шығармашылық сапармен жол жүріп кетті.

Ақ жол, Сіздерге, жамбылдық өнер қырандары!

Айта кетейік, драмада Сақ патшайымы ТОМИРИС ролін – белгілі талантты актриса, Халықаралық театр фестивалінің лауреаты Анар Сағымбекова сомдаса, әлемді жаулап алуды аңсаған, зұлым да залым КИР патша ролін белгілі театр және кино актері, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Кенен Ақүрпеков сомдайды...

Бүгін театрымызда «Сен, Мен!» атты жаңа қойылымының кезекті қойылымы өтті. Драма оқиғасы Нази есімді қыздың махаббат үшін, бақытты өмір үшін алға ұмтылып, бірде дұрыс жол тауып, бірде адасып, бірде сол тығырықтан қайта шығып, жанталасқан күресін жеткізеді.

12 сәуір сағат 12:00 Жамбыл облыстық қазақ драма театры бүлдіршіндерге арнап А. Сағымбековамен, К. Ақүрпековтың "Балшық бала" ертегісін барша балалардың назарына ұсынды.

11 сәуір Жамбыл облыстық қазақ драма театрында С. Сәтбаев пен Т. Теменовтың "Көгілдір такси" мелодрамасын қала тұрғындарының назарына ұсынды.