Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы белгілі сахнагер, абыз актер, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының артисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ілиясқар Мәжит Жамбылұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, ұл-қыздары мен бауырларына, туған-туыстарына, әріптестеріне қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы атынан барша Қазақстан режиссерлерін 1 шілде – РЕЖИССЕРЛЕР КҮНІ мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!  
Осы мерекеге орай, биыл құрылғанына 85 жылға аяқ басқан Жамбыл облыстық қазақ драма театры тарихында өшпес іздері қалған сахна суреткерлері – режиссерлер қауымын еске түсіруді жөн санадық.

(Театр мен телеарнаның біріккен онлайн - жобасы)
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры мен "JAMBYL" телеарнасы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, ақынның ғибратты қара сөздерін оқып, әлеуметтік желілерде жариялау бойынша "ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ..." атты онлайн-жобаны жүзеге асыра бастады. Ұлы Абай бейнесінде ақын қара сөздерін оқып, көрермен мен тыңдарманға жеткізуші - Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актері, белгілі сахна шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі АСҚАРБЕК СЕЙІЛХАН !!!

ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН!

✍Авторы: С.Сматаев, Т.Теменов
🎭Режиссері: С.Қарабалин
🖼Суретшісі: Р.Сапаралиева
🎥Сілтемесі төменде 👇

Бүгін 30 МАУСЫМ – ЕРДАЛИЕВ Медеу Кайратұлының туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Медеуді туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының артисі, талантты актер, асыл азамат, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері БАЗАРКЕЛДІ АЗАТ ОРАЗАЙҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның әріптестеріне, отбасына және туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Марқұмның алды – пейіш, арты – кеніш, жатқан жері жайлы болсын! Қазақтың театр өнеріне өмірінің соңына дайін үздіксіз адал қызмет еткен Азат Оразайұлының жарқын бейнесі біздің жадымызда әрдайым сақталатын болады.

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы Қарағанды облыстық С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, аяулы ақжүрек азамат, үлкен жүректі өнер иесі, жерлесіміз, Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы БЕКБОЛАТОВ САНСЫЗБАЙ НУРСИЯҰЛЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның әріптестеріне, отбасына және туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Марқұмның алды – пейіш, арты – кеніш, жатқан жері жайлы болсын! Қазақтың театр өнеріне өмірінің соңына дайін үздіксіз адал қызмет еткен Сансызбай Нұрсияұлының жарқын бейнесі біздің жадымызда әрдайым сақталатын болады.

Журналистер қауымының төл мерекесіне орай, облыстық басылымдарда Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының директоры, ақын, жазушы - драматург Болат Бекжановтың  "Журналистер" атты өлеңі және театрдың ардагер актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілханға арналған "Әріптестерге әзіл өлең" айдарымен  арнау жыр жарық көрді.

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан АЗАМАТТЫ туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!
ҚОНДЫБАЕВА Әсем Жұмахметқызы 1997 жылы 26 маусымда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.
Білімі – арнаулы орта. 2018 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжін сөйлеу жанрының артисі мамандығы бойынша бітірген.
Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2017 жылдан бері актерлік қызмет атқарып келеді.

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН:

✍Авторы: Ә.Оразбеков
🎭Режиссері: М.Ахманов
🖼Суретшісі: Қ.Шалабаева

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН:

✍Авторы: М.Әуезов
🎭Режиссері: Е.Төлеубай
🖼Суретшісі: Р.Сапаралиева

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН:

✍Авторы: Е.Әбдрешов
🎭Режиссері: Е.Әбдрешов
🖼Суретшісі: Р.Сапаралиева

(Театр мен телеарнаның біріккен онлайн - жобасы)
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры мен "JAMBYL" телеарнасы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, ақынның ғибратты қара сөздерін оқып, әлеуметтік желілерде жариялау бойынша "ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ..." атты онлайн-жобаны жүзеге асыра бастады. Ұлы Абай бейнесінде ақын қара сөздерін оқып, көрермен мен тыңдарманға жеткізуші - Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актері, белгілі сахна шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі АСҚАРБЕК СЕЙІЛХАН !!!

Арай газетінде «Көзге көрінбейтін театр тарландары» атты мақала жарық көрді.

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН
🖋Авторы: Ә.Файзуллаұлы
🎭Режиссері: Ә.Баймаханова

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының 84-ші маусымының жабылуына орай театр директоры - ҚР Мәдениет қайраткері, жазушы-драматург Болат Бекжанов пен Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, белгілі режиссер - Қуандық Қасымов Асқар Тоқпановтың ескерткішіне гүл шоғын қойды.
Осы күнге орай 2020 жылдың сәуір-мамыр айларында өткен «ТЕАТР ТАЛАНТТАРДЫ ІЗДЕЙДІ» онлайн байқауының жүлдегерлері марапатталды.