Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Арай газетінде «Түбінде бәрі жүректің», Жамбыл-Тараз газетінде «Ерен ерлік мәңгі есте!» атты төмендегі мақалалар жарық көрді.

Театр сыншысымен тікелей эфир!

Отбасы күніне орай Т.Нұрмағанбетовтың "Аса мәртебелі сейф" драмалық комедиясын назарларыңызға ұсынамыз!

"Домалақ ана" екі бөлімді драмасын тамашалаңыздар!

МАЙДАНҒА КЕТКЕН ҚОС ҰЛЫН ҚЫРЫҚ ЖЫЛ БОЙЫ ЗАРЫҒЫП КҮТКЕН АНА ЗАРЫ – БЕЙНЕФИЛЬМДЕ...

Арай газетінде «Театрдағы тағылымды іс», Жамбыл-Тараз газетінде «Кейіпкерім жүрегімнің ішінде» және Ақжол газетінде «Тараздағы өнер керуені - Жеңіс құрметіне» атты төмендегі мақалалар жарық көрді.

10.05.20 1Бүгін 10 мамыр – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» АНАР САҒЫМБЕКОВАНЫҢ туған күні!
Сағымбекова Анар Бақытқызы 10.05.1978 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің актерлік бөлімін бітірген. 1998 жылдан Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актриса болып еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында қасиетті сахнада әр түрлі жанрлардағы көптеген драмалық қойылымдарда 50-ге жуық басты және негізгі кейіпкерлер ролін сомдады.

Тікелей эфир 22:00 де

10.05.20

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай мерекелік экипаж

МҰҚАҒАЛИ  МАҚАТАЕВ.  "40-ШЫ  ЖЫЛДАРДАҒЫ  БЕСІК  ЖЫРЫ"             

ҚАЗАҚ  ЖАУЫНГЕРЛЕРІНІҢ   МАЙДАНДАҒЫ  ҚАҺАРМАНДЫҚ  ЕРЛІГІ...      Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі әрі жас кинорежиссер  ЕЛЖАН ЖАРМУХАМЕДОВТІҢ  қазақ жауынгерлерінің  майдандағы қаһармандық ерлігі баяндалатын бейнебаянды  назарларыңызға  ұсынамыз...

Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!!!

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының репертуарындағы Шыңғыс Айтматовтың "АНА - ЖЕР-АНА" атты символикалық драмасын назарларыңызға ұсынамыз !!!
🖋Авторы: Ш.Айтматов
🎭Режиссері: Қ.Қасымов
🖼Суретшісі: Р.Сапаралиева

Төмендегі бейнебаянда зұлым фашизммен болған кешегі сұрапыл соғыста жас боздағынан, сүйікті жарынан айырылған АНА қасіретін, АНА тауқыметін көпшілікке жақсы таныс «Ана туралы баллада» атты ән құдіретімен жеткізген талантты өнер иелері - Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты КЕНЕН АҚҮРПЕКОВ және Нұрмахан Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының актері, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» белгісінің иегері РАМАЗАН АҚТАЕВ !!!

Бұрынғының балалары неміс басқыншыларымен болған 1941 – 1945 жылдардағы сұрапыл соғыстағы әкелері мен аталарының ерлігін «соғыс ойынын» ойнау арқылы қиялдап көрсететін еді...

1941 жылы соғыс өрті тұтанып, Ұлы Отан соғысы басталысымен, Украинаның еврей театры эвакуацияланып, Жамбыл қаласына көшіп келді. Сол еврей театрының құрамында келген режиссер Борис Лурье бірден Жамбыл облыстық қазақ драма театрының бас режиссері болып тағайындалды.

Бірнеше толқын жамбылдық актерлердің ұстазы,  М.Х. Дулати атындағы ТарМУ профессоры,  ҚР Мәдениет қайраткері  АЙГҮЛ  КАБИЕВА  және  оның шәкірті Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі, жас кинорежиссер ЕЛЖАН  ЖАРМУХАМЕДОВ

Бүгін – кешегі ата-бабаларымыз, ағаларымыз бен әкелеріміз: артында, елде қалған жұртының, отбасы мен бала-шағасының тыныштығын қорғау жолында от кешіп, су кешіп, қасық қандары қалғанша жаумен айқасқан, миллиондар мерт болған сұрапыл майдан - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай әлеуметтік желі арқылы назарларыңызға белгілі сазгер, әнші, актер, Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбиірбек Тінәлінің «СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ СОЛДАТЫ» атты әнін ұсынамыз. Әнді – сазгер, әнші Әбиірбек Тінәлінің өзі орындайды.
Әннің сөзін жазған – жазушы-драматург, ақын Болат Бекжанов.
Әнін жазған – Әбиірбек Тінәлі.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай, Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында сахналанған Д.Исабековтің
"ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ" драмасын назарларыңызға ұсынамыз.

Суретшілік өнерімен өз елімізде ғана емес, әлемдік дәрежеде де мойындалып, танылып жүрген Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының бас суретшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева ақ қағаз бетіне көз ілеспес жылдамдықпен із салған қылқалам құдіретімен кешегі қанқұйлы соғыстағы майдан даласын әп-сәтте көз алдымызға әкелді...