Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

20 12 20 2

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қалалық әкімдіктің мәжіліс залында қала әкімі Айтқазы Қарабалаев өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып, қажырлы еңбегімен үлкен жетістіктерге қол жеткізген азаматтарды марапаттады.
Жамбыл-Тараз газеті. Арайлым ШАБДЕНОВА. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН
Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына орай «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі осымен үшінші жыл тапсырылды. Салтанатты іс-шарада қала әкімі Айтқазы Қарабалаев тоғыз азаматқа арнайы төсбелгіні табыс етті.

20 12 20 1

Қай ұлттың болмасын маңдайына жазылған қиын кезеңдер қайсар ұлдардың өмірге келуіне себеп болады. Сондай перзенттің бірі қызыл империяның қазаққа жасаған қысымына бұқпастан тойтарыс берген Тұрар Рысқұлов еді. Шаһарымыздағы Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының ұжымы тараздықтарға тарихи тұлғамыздың өмірінен сыр шерткен «Тұрар. Сталинге хат» реквиемінің премьерасын ұсынды.
Жамбыл-Тараз газеті. Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Суретті түсірген Ю.КИМ

19 12 20 12

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Мамбет Қожалиевті туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке және зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Қожалиев Мамбет Әуезбайұлы 1979 жылы 19 желтоқсанда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Әбжапар ауылында туған.

19 12 20 1

Атымтаева Айжан Байырбекқызы 1963 жылы 18 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Көмешбұлақ ауылында дүниеге келген.
1986 Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театры жанындағы театр студиясында оқып, «Драма және кино актері» мамандығы бойынша бітірді.
1986 жылдан Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрына актриса болып қабылданып, осы күнге дейін қызмет етіп келеді.
А.Атымтаеваның үлкен ізденіс пен талпыныс үстінде жасаған образдары мен актерлық шеберлігі өнертанушылар мен театр сыншылары тарапынан сан мәрте мойындалып, лайықты бағасын алған.

Режиссері: Елжан Жармухамедов

15 12 20 7

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, сахна шебері, халықаралық театр фестивалінің жүлдегері, режиссері Анар Бақытқызы Сағымбекованы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңындағы Жарлығымен «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» мерекелік медалімен марапатталуымен театр ұжымы шын жүректен құттықтайды.

15 11 20 1

15 желтоқсан күні  Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында – А.Сағымбекова мен С.Пірмановтың «Ертегілер еліне саяхат» атты ертегі қойылымы өтті.

14 12 20

2020 жылдың 15, 19 желтоқсан күндері, сағат 11.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында – А.Сағымбекова мен С.Пірмановтың «Ертегілер еліне саяхат» атты ертегі қойылымы болады. Уақытша шектеулерге байланысты сан жағынан 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтеді. Барлық келушілер мен көрерменнің арнайы медициналық маска тағып келуі міндетті.

Билет бойынша барлық сұрақтар:👇

13 12 20 16

Бүгін, 13 ЖЕЛТОҚСАН – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актриса әрі режиссердің көмекшісі ГАУХАР СҰЛТАНБЕКОВАНЫҢ туған күні!
ГАУХАР!

13 12 20 2

12 желтоқсан – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі, талантты актер АБЗАЛ ДӘУЛЕТБАҚОВТЫҢ туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан АБЗАЛДЫ туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

10 12 20 15

10-желтоқсан күні, сағат 16.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург М.Байғұттың «Асқаровтың аққайыңдары» драмасының қойылымы өтті.
Драманың қоюшы-режиссері – Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты – белгілі режиссер Қуандық Қасымов. Қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында, 2020 ЖЫЛДЫҢ 9 ЖЕЛТОҚСАНЫ КҮНІ САҒАТ 16.00-де барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақтала отырып, белгілі тарихи тұлға, қазақ халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі жолындағы жалынды күрескер, айбынды Алаш арысы, 30-шы жылдардағы сталиндік репрессия құрбаны Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобалары аясында сахнаға дайындалған жаңа қойылым Ш.Мұртазаның «ТҰРАР. СТАЛИНГЕ ХАТ» драмасы өтті.

10 12 20 12

Спектакль о Тураре Рыскулове прошёл накануне Дня Независимости
В областном казахском драматическом театре имени А. Токпанова 8 декабря с успехом прошла премьера спектакля в жанре драмы-реквиема «Турар. Письмо Сталину». Постановщиком выступил известный актер и режиссер, народный артист Казахстана, лауреат Государственной премии РК Тунгышбай Жаманкулов. Автором пьесы является народный писатель Казахстана Шерхан Муртаза.

10 12 20 7

10 желтоқсан – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі, талантты жас актер АЗАМАТ ШАКЕНБАЕВТЫҢ туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Азаматты туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Азамат 2017 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма және кино актері мамандығы бойынша бітіріп келіп, сол уақыттан бері Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актерлік қызмет атқарып келеді.

10 12 20 1

10 желтоқсан күні сағат 11.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Сантөре Пірмановтің «Ақ күшіктің туған күні» атты ертегі-қойылымы өтті. Қойылым режиссері - Анар Сағымбекова.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында, 2020 ЖЫЛДЫҢ 9 ЖЕЛТОҚСАНЫ КҮНІ САҒАТ 16.00-де барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақтала отырып, белгілі тарихи тұлға, қазақ халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі жолындағы жалынды күрескер, айбынды Алаш арысы, 30-шы жылдардағы сталиндік репрессия құрбаны Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобалары аясында сахнаға дайындалған жаңа қойылым Ш.Мұртазаның «ТҰРАР. СТАЛИНГЕ ХАТ» драмасы болады.
Көрермендерден міндетті түрде медициналық маскамен келуді және театр залындағы орындықтарға белгіленген арақашықтықты сақтап отыруды сұраймыз.

Билет бойынша барлық сұрақтар:

08 12 20 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында, 2020 ЖЫЛДЫҢ 8-ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ САҒАТ 16.00-де барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақтала отырып, белгілі тарихи тұлға, қазақ халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі жолындағы жалынды күрескер, айбынды Алаш арысы, 30-шы жылдардағы сталиндік репрессия құрбаны Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобалары аясында сахнаға дайындалған жаңа қойылым Ш.Мұртазаның «ТҰРАР. СТАЛИНГЕ ХАТ» драмасының тұсаукесер қойылымы (премьерасы) өткізілді. Қойылымның қоюшы-режиссері: Қазақстанның Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Тұңғышбай әл-ТАРАЗИ. Қоюшы-суретшісі: Айгерім Рамазан.

07 12 20 1

2020 жылдың 11, 23 желтоқсан күндері, сағат 11.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында – А.Сағымбекова мен С.Пірмановтың «Ертегілер еліне саяхат» атты ертегі қойылымы болады. Уақытша шектеулерге байланысты сан жағынан 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтеді. Барлық келушілер мен көрерменнің арнайы медициналық маска тағып келуі міндетті.

Билет бойынша барлық сұрақтар:👇

04 12 20 8

Қазақ вальсі королінің әндері тыңдармандар жүрегіне жетті

Ақжол газеті