Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан АЗАМАТТЫ туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!
ҚОНДЫБАЕВА Әсем Жұмахметқызы 1997 жылы 26 маусымда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.
Білімі – арнаулы орта. 2018 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжін сөйлеу жанрының артисі мамандығы бойынша бітірген.
Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2017 жылдан бері актерлік қызмет атқарып келеді.


Әсем Қондыбаева осы уақыт аралығында бірнеше басты және негізгі кейіпкерлер бейнесін сомдап, өзін сахна өнеріне жетік қалыптасқан шебер актриса ретінде танытты.
Ол түрлі жанрлардағы қойылымдарда әр алуан болмысты қыздар образын режиссерлік шешімге сәйкес шебер шығара алатын талантты актриса. Сахна төрінде ол шығарған Ақтоқты бейнесі, Нази қыздың іс-қимылы мен келбеті жәнебасқа да рольдері өте жанды да сенімді шығуымен ерекшеленіп, көрерменін тәнті етіп келеді.
Әсем Қондыбаеваның соңғы кездері ойнаған рольдерінің бірқатарын атап өтсек, олар:
- Б. Айдарбековтың «Тағдыр тәлкегі» драмасындағы Жаңыл ролі;
- Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясындағы Хатшы қыз ролі;
- Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері – Ақтоқты» драмасындағы Ақтоқты ролі;
- Мар Байжиевтің «Сен, Мен!» драмасындағы Нази қыз ролі;
- Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясындағы Сайра ролі;
- Қуандық Қасымовтың «Желсіз түнде жарық ай» поэтикалық-композициялық қойылымында Тоғжан рөлінде және тағы басқалар.
Әсем Қондыбаева актерлік шеберлігін арттыруға ынта-қабілеті зор, өз міндетіндегі барлық тапсырмалар мен жүктемелерді және берілген рольдерді орындауда біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мол өнер иесі. Аға буын өнер иелерін ұстаз тұтып, олардан актерлік техниканың әр алуан элементтерін үйренуден жалықпайды. Театр басшылығы тарапынан бірнеше Алғыс хаттарға ие болған. Көпшіл. Қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысады.

ӘСЕМ, Саған, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, құт-береке және зор табыстар тілейміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР:
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының
шығармашылық ұжымы!