Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы атынан белгілі режиссер, Жамбыл облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі КАМАТ КАСЕНОВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына және ұжымдастарына қайғыларына ортақтасып,  көңіл айтамыз.  КАМАТ  КАСЕНОВ қазақ театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан, өзіндік қалыптасқан дара  қолтаңбасы бар, аса талантты кәсіби режиссер еді.   КАМАТ өзі қызмет істеген облыстық орыс драма театрымен қатар,  Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының сахнасына да көптеген жаңа  қойылымдар дайындап қойып,  жоғары кәсіби шеберлігімен танылған,  көрермендерінің ыстық ықыласына бөленіп, бірегей талантымен  танылған біртуар  өнер иесі болатын.   Жан-жақты  шығармашылық қабілет - дарынымен екшеленіп, ерекшеленіп тұратын КАМАТ  үнемі   ақындардың да, суретшілердің де, әнші - сазгерлердің де,  киногерлердің де  ортасынан табыла кететін.  Поэзияны қатты сүйетін,  өзі де өлең жазатын. Жыр әлемінде үнемі іштей  сырласып жүретін, ешкімге жария етіп айтпайтын, өзінің жұмбақ Музасы бар еді.  КАМАТТЫҢ сол ішкі жұмбақ әлемі сахнаға дайындаған  қойылымдарынан да   тереңнен шым-шымдап сыр  тартқан  сан бояулы  кестелі, дестелі   иірімдердей, ерекше  көрініс беріп тұрады.  Ол -  КАМАТТЫҢ өнердегі өз қолтаңбасы,  қайталанбас өрнегі !!!  КАМАТ есімі   театр өнерімен бірге жасай береді,  біздің жадымызда ұзақ сақталады.   Жатқан жерің жайлы,  топырағың торқа болсын,  әріптес, дос,  бірегей режиссер,  біртуар азамат,  КАМАТ КАСЕНОВ !!!