Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының 84-ші маусымының жабылуына орай театр директоры - ҚР Мәдениет қайраткері, жазушы-драматург Болат Бекжанов пен Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, белгілі режиссер - Қуандық Қасымов Асқар Тоқпановтың ескерткішіне гүл шоғын қойды.
Осы күнге орай 2020 жылдың сәуір-мамыр айларында өткен «ТЕАТР ТАЛАНТТАРДЫ ІЗДЕЙДІ» онлайн байқауының жүлдегерлері марапатталды.


«Театр таланттарды іздейді» атты көркемсөз оқу шеберлері байқауының жүлдегерлері:
1-орын: Дәлібаева Шұғыла Есболқызы;
2-орын: Сейдәзім Әлібек Болатбекұлы;
2-орын: Оспанова Мира Аханқызы;
3-орын: Рекен Айжан Аманғалиқызы;
3-орын: Райымбек Назым Наралықызы.
Жүлдегерлерге арнайы диплом мен қойылымдарға тегін кіру абонементі табысталды.
Келесі 85-ші маусымда кездескенше!!!