Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты  үйіңізде естісеңіз:

  1. ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  2. электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алауошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;
  3. көшу кезінде егде және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз;
  4. кіреберіс есікті құлыптап жабыңыз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты  жұмыс орныңызда естісеңіз:

  1. асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке  немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;
  2. өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;  
  3. ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;
  4. есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсімінде белгіленген бағытпен жүріңіз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.