Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан АЗАМАТТЫ туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!


ИСАЕВ Азамат Шырынханұлы 1991 жылы 05 маусымда Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2017 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша бітірген.
Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2017 жылдан бері актерлік қызмет атқарып келеді.
Ол, осы уақыт аралығында бірқатар қойылымдарда бекітілген рольдерді өз қабілетіне сай сомдады және көбінесе көпшілік сахна ойындарына қатысты.
Наурыз мерекелеріне арналған және Жаңа жылдық қойылымдар мен мерекелік думандарға әншілік, жүргізушілік қабілетін аянбай жұмсап, тұрақты ат салысады. Театрдың қоғамдық жұмыстарына қатысады.
Азамат Исаевтың қатысқан рольдерінің бірқатарын атап өтсек, олар:
- Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясында – Киікқазық өкілдің көмекшісі;
- Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанында – бәйітші;
- Арғынбай Бекбосынұлының «Домалақ ене» символикалық драмасында – 6 ұлының бірі;
- Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясында – көпшілік сахнасында.
АЗЕКЕ, Сізге, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, құт-береке және зор табыстар тілейміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР:
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының
шығармашылық ұжымы!