Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Бала болдық. Көктөбеде жүрдік. Арманымыз асқақ болды. Əнге бейім болғымыз келді. Жерлес əнші - композиторға тəнті болдық, əніне шын толқыдық. Ол -- Əбиірбек Тінəлі ағамыз еді.

26.04.20

Əбиірбек аға келіп Көктөбенің кішкентай клубында бебеулетіп əн салғанда Барша Талас топырағы толқып жатқандай болатын. Талас дегенім сыпайылық, Алаш толқыды ғой! "Фаризажан", " Ананың тілі", "Желтоқсан желі", "Толғанай", "Аман болсам халқым үшін", "Мектебім айтар əнім", "Əке", "Асың ба еді атаңнан қалған?" əндері хит болды ғой. Айтпақшы, өткен күзде Шым қалаға айтыскер бауырлардың тойына барғам. Сол жерде Əбиірбек Тінəлі ағамның əндері шырқалды ғой. Шаттанып, қуанып, еңсем көтеріліп марқайып отырдым.
  Əбиірбек аға! Сіз біздің бала арманымызды үкіледіңіз. Сіз секілді əн салғымыз келді. Сіз секілді əн сала алмайтынымызды сезгенде Сіз секілді жақсы адам болғымыз келді. Белгілі жазушы Ерғали Сағат аға да Көктөбеден еді. Екеуіңізді идеал тұттық.  Сіздің деңгей қолдан келе қоймаған соң, Ерғали аға жолымен журналистиканың жалына жармастық. Ол кісінің де деңгейіне жете алмасақ та, осы жолда жорғалап келе жатырмыз. Айтпақшы, Сіздің де жазып қоятыныңыз бар ғой. Сонда өздеріңіздің о жақ, бұ жақтарыңызда жүр екем ғой.
Былтыр Таластықтар шақырып, бес өнерпаз Қаратауға барып едік қой  . Бесеудің ішінде екеуміз бармыз. Сол сапар үшін қатты қуандым. Сізбен сапарлас болғаныма, Сізбен бірге бір концертке қатысқаныма қуандым.
Сол өнер кешінде Сізге арналған "Несіпбайдың ыңылы" деген өлеңімді оқып беріп ем таластық жерлестерге. Есіңізде ме?
Ұлттық арнадағы "Дара жол" бағдарламасына Болат Бекжанов ұстазыммен бірге қатысып, Көктөбедегі бала күндеріңізді, əнге құштар көңіліңізді, пошташы, өзі жарымжан  Несіпбай қарияның есекпен хат  , газет тарататынын, ыңылдап келе жататынын, ыңылдап кетіп бара жататынын, сол ыңылды ұзақ тыңдап тұратыныңызды əдемілеп айттыңыз сонда. Толқыдық, көзге жас келді. Өзіңіз білесіз, Сіздің бала көңіліңізге əсер еткен Несіпбай қария менің көкем еді, əкемнің туған ағасы болатын. Осыдан 24 жыл бұрын марқұм болды. Көзі тірі болғанда биыл 100 жасқа толар еді жарықтық!
Сол кездегі толғаныс қой, біздікі. Сол кеште елпектеп жүрген  , елгезек Пернебек Оспанов ағаның "Бұл Əбиірбек қалай композитор боп кетті десем, окажства Несіпбай көкемнің ыңылынан жұққан екен" деген əдемі əзілі де ұмытылмайды.
  Туған күніңіз құтты болсын. Жүз жасаңыз Əбиірбек аға! Абыройлы, мерейлі болыңыз. Сіз барша Қазақ елінің мақтанышысыз. Жасай беріңіз! Əндеріңіз жасай берсін!              Сізді аса  құрметтеуші -  ініңіз  ЕСЕТ  ДОСАЛЫ.