Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ТАҚЫРЫПҚА САЙ ӘНДЕРГЕ, ӨЛЕҢДЕРГЕ, КӨРКЕМСӨЗДЕРГЕ, СУРЕТТЕРГЕ  БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

БАЙҚАУДЫҢ  ЕРЕЖЕСІ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған аталмыш Байқауға ұсынылған үміткерлердің жеке орындауындағы әндердің бейнежазбасы, сондай-ақ, үміткерлердің өз шығармалары болып табылатын өлеңдер мен көркемсөздердің жазбаша нұсқалары және бояумен немесе түрлі-түсті қарындашпен салынған суреттер Байқаудың Қазылар алқасының төрайымы, Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актрисасы әрі қоюшы-режиссері Анар Сағымбекованың 8-707-276-20-82 Whatsapp номеріне жолданады.  Қазылар алқасының  сараптауынан өткен әндер театрдың әлеуметтік желілердегі парақшасына орналастырылып, көрермен назарына ұсынылады. Сондай-ақ, іріктеуден өткен үміткерлердің ұсынған өлеңдері мен көркемсөздері де театрдың әлеуметтік желілердегі парақшаларына театр артистерінің оқып, орындауында салынады. Лайықты бағасын алған тақырыптық суреттер де театрдың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан орын алады, сондай-ақ, облыс орталығындағы көркемсурет галереясына қоюға ұсынылады.

Байқауға ұсынылған әндерге, өлеңдерге, көркемсөздерге, суреттерге мынадай талаптар қойылады:

1) Қазақстандық жауынгерлердің Ұлы Отан соғысындағы ерліктерін жырлау, суреттеу.

2)  Қазақ елін, өз жерін, өз Отанын қорғау жолында мерт болған боздақтарды еске алу, рухтарына тағзым ету.

3) Майданнан оралмаған перзентін, жарын, бауырын жоқтаған аналар зарын жеткізу.

4) Соғыс жылдары тылда еңбек еткен аналардың, қыз-келіншектердің, балалардың ерен еңбектерін көрсету.

5)  Жеңіс солдатының бейнесін, елге келген Жеңіс күнін көрсету.

Байқауға қатысушы талапкерлердің жасына шек қойылмайды.

Байқауға ұсынылған әндер, өлеңдер, көркемсөздер және суреттер  2020 жылдың 7 мамырына дейін қабылданады. БАЙЛАНЫС  ҮШІН ТЕЛЕФОНДАР: жұмыс тел: 8-707-276-20-82  (Whatsapp байланысы бар)

23.04.20 1 23.04.20 23.04.20 /p>

КазакДрамаТеатры Бекжанов Болат Умбеталиевич