Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

ҚҰРМЕТТІ ӘБИІРБЕК БЕРДЕНҰЛЫ!
Сізді, бүгін, 22 сәуір – туған күніңізбен, әрі Пайғамбар жасы – 63-ке толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Қасиетті Тараз жері, оның ішінде, әсіресе, өзіңіз туып-өскен Талас өңірі шығармашылық адамдар мен тағылымды тұлғаларға бай өлке.
Сіз, қазақ ән өнеріне қосқан үлесіңіз зор дарынды сазгер, әншісіз, сахна төрінде көптеген кесек тұлғаларды сомдаған талантты актерсіз!
Өңірімізден шыққан халқымыздың біртуар перзенттері Сүйінбай, Жамбыл, Кенен аталарымыз секілді дүлдүлдердің бүгінгі сарқыты, Сіз, бүгінде қазақ ән өнерінде өзіндік өрнегі бар біргей тұлғаға айналдыңыз.
Еліміздің ән өнерінде «Анамның тілі», «Желтоқсан желі», «Фариза», «Толғанай», «Мұнар», «Ұрпақ үні», «Мұңлық» және басқа да әндеріңізбен танылып, халықтың рухын асқақтатып, жас ұрпақты елін, тілін, Отанын шексіз сүюге үндеп келесіз.
Табиғи талантыңызды ән-саз өнеріне арқау етіп, өз әндеріңізбен қоса, қазақтың кесек тұлғалы ақындарының шығармаларын ел арасында асқақта танытып, насихаттап та келесіз.
Сізді барша жұртшылық дарынды әнші-сазгер ретінде жақсы біледі, әндеріңізді сүйіп тыңдайды.
Бүгінде Сіздің әндеріңіз бүкіл еліміздің көгінде қалықтап, әнсүйер қауымның жан тербейтін көңіл қуанышына айналып, мойындалған.
Құрметті Әбиірбек Берденұлы!
Бүгінгі Пайғамбар жасына толған мерейлі күніңізбен тағы да құттықтай отырып, шығармашылық жолыңызға әрдайым толағай табыстар, өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, құт-береке және тек қана игі жақсылықтар тілейміз!

ІЗГІ ТІЛЕКПЕН:

Жамбыл облысы әкімдігінің
Мәдениет, архивтер және
құжаттама басқармасының басшылығы

22.04.20 1 22.04.20 22.04.20 22.04.20 22.04.20 22.04.20 22.04.20 22.04.20 22.04.20


Асқар Тоқпанов атындағы
Жамбыл облыстық қазақ драма театрының
басшылығы мен шығармашылық ұжымы