Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

«Жігітке жеті өнер де аз» демекші, Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі Мейірбек Есімбекұлы – актерлігімен бірге, өзі меңгерген басқа да өнерлерімен де, оған қоса, көрікті де сырбаз мінезімен де көрерменнің көзайымына айналып, ел-жұрттың алғысына бөленіп келе жатқан өнер иесі.

Мейірбек қазіргі карантиндік шараларға байланысты театрдың басқа да артистерімен қатар, үйде отырып, жаңа қойылым – Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясындағы өз рольіне дайындық жасау жұмыстарын қашықтықтан, онлайн режимде ZOOM жүйесі арқылы өткізуде.
Мейірбек өзіне дарыған қасиетті өнердің құдіретімен отбасына да ән, жыр шуағымен жылылық ұялатып, қуаныш нұрын себеді... Мейірбектің жұбайы да өнерден құр алақан емес. «Бала тәрбиесі - бесіктен» екендігін жақсы білетін олар ылғи да қосылып ән шырқап, жасөспірім балаларын ән қанатында тербеп, әдемілікке, ізгілікке тәрбиелейді.