Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының майталман актері, Қазақстанның халық артисі Асқарбек Сейілхан – Ұлы Абай бейнесінде бірнеше телевизиялық хабарларға түсіп, ақын өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтудан алдына жан салмай келе жатқан өнер тарландарының бірі де бірегейі.

Ал, қазіргі кезде карантиндік шараларға байланысты шығармашылық жұмыстармен қашықтықтан, онлайн режимде үйде отырып айналысып жатқан Асекең, бос уақытында Ұлы Абай өлеңдері мен қара сөздерін отбасында да насихаттап, немерелеріне жаттатып айтқызып, ұстаздық етуде.
БЕЙНЕКӨРІНІСТЕ: Асекең немерелерімен бірге...