Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі Елжан Жармухамедов қазіргі карантиндік шараларға байланысты театрдың басқа да артистерімен қатар, үйде отырып, жаңа қойылым – Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясындағы өз рольіне дайындық жасау жұмыстарын қашықтықтан, онлайн режимде ZOOM жүйесі арқылы өткізуде.

«Жігітке жеті өнер де аз», «Өнерлінің өнегесі көп» дегендейін, Елжан жаңа қойылымға дайындық жұмыстарынан босаған, қолы қалт еткен уақыттарда өзінің сүйікті ісі – саз балшықтан, цементтен, гипстен түрлі сувенирлік заттар мен бұйымдарды құйып жасаумен де айналысады. Ол өнерінің қыр-сырын Елжан бейнебаян арқылы айтып берді.
Осы уақытқа дейін әуесқой кинорежиссер ретінде бірнеше фильмдер түсіріп, танылған Елжан Жармухамедовтің өндірісінде тағы бір жаңа фильм өңделіп, жасалуда.