Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына орай Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстанның халық артисі

Мәкен Рақымжанованың

ҮНДЕУІ

rahimzhanova

Мен, алдыңғы толқын аға ұрпақ өкілі ретінде бүгінгі жастарымызды Елбасымыздың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында айтқан: «Ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы болған жерде ғана игілік пен ізгілік қатар өркен жаяды» деген ұлағатты сөзін өмірлік ұстанымға айналдырып, кеше ғана қол жеткізген баға жетпес құндылығымыз – тәуелсіздігімізді мәңгілікке баянды ету жолында аянбай күресуге шақырамын!  

Елбасымыздың мақаласында айтылған барлық ғибратты жолдау сөздерді толық қолдай отырып, баршаңызды күллі әлемге қаупін төндіріп отырған коронавирус пандемиясына қарсы күресте, сондай-ақ, қазіргі бүкіл әлемді шарпыған экономикалық дағдарысты еңсеруде жұмылған жұдырықтай біріге қауқар танытып, қасиетті егіз ұғым – бірлік пен ерлікке тән әрекет етуге шақырамын.

Бұл орайда, Елбасы: «Біз, бұл қиындықтарды осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар», - деп атап өтті.

Елбасымыз атап өткендей, еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек.

«Рухы мықты, өзіне сенімді адамды қиындықтар шынықтырады», - деді Елбасы.  Иә, ерліктің басты шарты – ең бірінші, адамның өзіне сенуі. Осы себепті, бала-шағасына лайықты – әке, сүйген жарына лайықты – ер, отбасына лайықты – отағасы, халқына лайықты перзент болуы үшін еліміздің әрбір азаматы – ең бірінші өзіне сенуі керек, елінің болашағына сенуі керек. Осындай, нағыз сенімді азаматтардан ғана ел болашағы үшін күресе білетін – ерлер шығады.

Біз, бүгінгі аға буын ұрпақ өкілдері осындай тәлім-тәрбие мен ұлағатты өзіміздің алдымыздағы ағаларымыз бен апаларымыздан, әкелерімізден алғанбыз. Ертең біздің орнымызды бүгінгі ұрпақ басады. Ұрпақтың ауысып, жаңаруы, ол – табиғи заңдылық. Осы себепті, мен осы үндеуімді сөз басында айтқан, Елбасымыздың «Ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы болған жерде ғана игілік пен ізгілік қатар өркен жаяды» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді. Мен, баршаңызды ұрпақ пен дәстүр сабақтастығын үзбей, жалғастыруға шақырамын!