Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

🎭Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры бүкіл әлемде орын алған коронавирус пандемиясына байланысты оқшауланып, үйде отырған өз көрермендері үшін әлеуметтік желіде орындау шартымен «Театр таланттарды іздейді» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын жариялайды.

06.04.20 1 06.04.20 06.04.20

📢БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ:

«Театр таланттарды іздейді» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысушы әрбір талапкер электрондық поштаға, әлеуметтік (Фейсбук, Инстаграм) желілеріндегі 🎭«Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры» бетіне кіріп, тіркеліп, өзі туралы толық мәліметтерді және бірнеше суреттерін қалдыра отырып, тікелей түсірілімде жанды дауыспен төмендегі еркін тақырыптарда 2️⃣-3️⃣ минуттық көркемсөз оқиды.
1️⃣ Монолог оқу
2️⃣ Өлең оқу (талапкерлерге өз өлеңдерін оқуларына да рұқсат )
3️⃣ Сатира (сықақ өлең, интермедия) оқу
4️⃣ Абай өлеңдерін немесе қарасөздерін оқу
6️⃣ Абай әндерінің бірін орындау
🕴️Қазылар алқасының құрамында: театр режиссерлері және бірнеше Қазақстанның халық артистері мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері болады. Қазылар алқасының шешімімен көркемсөз оқу шеберлері байқауының жеңімпаздары анықталып, оларға мынадай сыйлықтар тағайындалады:
1️⃣-ші орын – театр қойылымдарына 1️⃣ жыл бойы тегін кіру абономенті.
2️⃣-ші орын – театр қойылымдарына 6️⃣ ай бойы тегін кіру абономенті.
3️⃣-ші орын – театр қойылымдарына 3️⃣ ай бойы тегін кіру абономенті.
Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) – театр қойылымдарына 1️⃣ ай бойы тегін кіру абономенті.

🗣️ЕСКЕРТУ: Көркемсөз оқу шеберлері байқауының жеңімпаздары туралы мәліметтер 📸(суреттерімен) әлеуметтік желілерде, 📢БАҚ беттерінде жарияланатын болады.

Байқауға қатысушы талапкерлердің жасына шек қойылмайды.🙅🏻♂️

Байқауға ұсынған көркемсөз оқу түсірілімдерін электрондық поштаға, әлеуметтік (Фейсбук, Инстаграм) желілеріндегі 🎭«Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры» бетіне кіріп, тіркеліп, 2020 жылдың 1-сәуір мен 31- мамыр айларының аралығында орналастыруға болады.

БАЙЛАНЫС ҮШІН ТЕЛЕФОНДАР:
📠жұмыс тел: 45-29-68;
📱 ұялы: 8-705-149-40-56, 8-776-665-12-13.

Біздің әлеуметтік желілер мен электрондық поштамыз:
🔴1)Инстаграм:@Askar_Tokpanov_dram_teatr
🔵2)Фэйсбук:@AskarTokpanovDramTeatr

3) Пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.