Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының  шығармашылық  ұжымы  үстіміздегі жылға  жоспарланған  жаңа қойылымдардың бірі  - Ғ.Мүсіреповтің  "Қозы Көрпеш -  Баян сұлу"  трагедиясын  сахнаға  дайындауды  онлайн режимде жүргізіп жатыр.

Театр артистері қазіргі кезде  бекітілген рольдері бойынша  кейіпкерлер сөздерін  оқып, жаттау, өзара диалог құру  шараларын  қоюшы - режиссер,  Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық  Қасымовтың жетекшілік жасауымен  қашықтықтан,  онлайн режим  көмегімен  жүзеге асыруда...  Іске сәт,  қымбатты әріптестер!  Сіздердің қажырлы еңбектеріңізден  сәтті жаңа қойылым күтеміз !!!

kozi