Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының  артисі,  ҚР Мәдениет саласының үздігі Галина Қойшыбаева   өз шығармашылық жолында  50-ден аса басты және негізгі кейіпкерлер бейнесін сомдаған сахна өнерінің   айтулы шебері.  Бірнеше телевизиялық фильмдерге түсіп,  киноактриса ретінде де танылған. 

Галина  әріптесіміз қазір  төтенше жағдайға байланысты  онлайн режимде театрдың жоспардағы жаңа қойылымы  -  Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-  Баян сұлуындағы"  бекітілген роліне онлайн режимде дайындық жасауда.  Ал,  қолы қалт еткенде,  жастайынан "хоббиі" ретінде жанына серік етіп келе жатқан:  өрмек, кесте тоқу  қолөнерімен  шұғылданып, кейінгі буын жастар арасында осы ісмерлік өнегесімен де танылып, ұстаздық етіп келеді.