Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

ӘРІПТЕСІМІЗ, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының Өртке қарсы қызмет бөлімінің жетекшісі АРИПБАЕВА САУЛЕ КАЙМУЛДИНОВНАНЫ ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан САУЛЕДЕЙ ардақты қызымызды туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, қызметіне биік жетістіктер тілейміз!
АРИПБАЕВА САУЛЕ КАЙМУЛДИНОВНА 1961 жылы 3 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1983 жылы Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы Жоғары техникалық оқу орнының инженер-құрылысшы факультетін «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Аталмыш оқу орнын бітірген соң, жас маман ретінде жолдама арқылы Жамбыл қаласына келіп, осында тұрмыс құрды, отбасылы болып, ұрпақ өсірді.
Біраз жыл «Жамбылгражданпроект» мемлекеттік жобалау институтында бас маман болып қызмет атқарды.
1995 - 2010 жылдар аралығында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар қызметінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында маман, бас маман, бөлім бастығы қызметтерін атқарып, 2010 жылы подполковник шенінде еңбек өтілі бойынша отставкаға шықты.
2011 жылдан бері ең алғаш Жамбыл облыстық қазақ драма театрының өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаушысы, ал, соңғы жылдары өртке қарсы қызмет бөлімінің жетекшісі қызметін атқарып келеді.
Сауле Арипбаева Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында жинақтаған ұзақ жылғы тәжірибесі мен жоғары біліктілігі нәтижесінде театрдағы қызметінде де үлкен белсенділік танытып, өрт қауіпсіздігі шараларын жоғары деңгейге көтерді, автоматты түрде өрт сөндіру қондырғысын орнатып, іске қосуды, өрт қауіпсіздігі дабылы мен өрт сөндіру құралдарын талапқа сай орнатуды, өрт қауіпіздігіне байланысты іс-шаралардың дұрыс жүргізілуін жолға қойды.
Сауле Каймулдиновна Төтенше жағдайлар қызметінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін әр жылдары «Төтенше жағдайлар қызметіндегі үздік қызметі үшін» медалімен, «Өрт қауіпсіздігі саласындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен, ҚР Ерікті өрт сөндіру қоғамының арнайы медалімен, Облыстық маслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталған.
Біз, ұжымдастары, Сауле Каймулдиновнаны өз ісінің аса білімді де білікті маманы, бастамашылық қабілеті зор ұйымдастырушы, отбасының берекесі мен мерекесін сақтаған аяулы жар, асыл ана ретінде үлгі тұтамыз.
Біз Сізді жақсы көреміз, Сауле Каймулдиновна!

03.04.20 1 03.04.20 03.04.20 03.04.20 03.04.20 03.04.20 03.04.20 03.04.20


ІЗГІ НИЕТПЕН ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР:
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық
қазақ драма театрының басшылығы, шығармашылық ұжымы, әріптестеріңіз!