Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры үйде отырған оқушыларға әлеуметтік желіге мәтіндерін жазып қалдыру шартымен «ЗЕРЕ ӘЖЕНІҢ ЕРТЕГІЛЕРІ» байқауына жаңа ертегілер жазып, ұсыну конкурсын жариялайды.

Zereaje2

«Зере әженің ертегілері» байқауына өз ойларынан жаңа ертегі құрастырып ұсынатын әрбір мектеп оқушылары біздің электрондық поштамызға және әлеуметтік желілерге «Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры» бетіне кіріп, тіркеліп, өздері туралы толық мәліметтерді және бірнеше суреттерін қалдыра отырып, еркін тақырыптарда өздері ойдан құрастырған жаңа ертегілерін орналастырады.

Біздің әлеуметтік желілер мен электрондық поштамыз:

1)Инстаграм: @Askar_Tokpanov_dram_teatr

2)Фэйсбук: @AskarTokpanovDramTeatr

3) Пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ҮЗДІК танылған ертегілер Зере әженің оқып, орындауында әлеуметтік желілерге көркем суреттеліп, орналастырылады.

Зере әженің рөлінде - ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты НҰРСИФАТ САЛЫҚОВА – «Құнанбай» фильмінде Зере әже ролінде ойнаған талантты актриса.

Қазылар алқасының құрамында: театр режиссерлері және Қазақстанның халық артистері ҚР еңбек сіңірген артистері болады.

Байқауға ұсынылған үздік ертегілердің авторларына мынадай сыйлықтар тағайындалады:

1-ШІ ОРЫН – театр қойылымдарына 1 жыл бойы тегін кіру абономенті.

2-ШІ ОРЫН – театр қойылымдарына 6 ай бойы тегін кіру абономенті.

3-ШІ ОРЫН – театр қойылымдарына 3 ай бойы тегін кіру абономенті.

Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) – театр қойылымдарына 1 АЙ бойы тегін кіру абономенті.

ЕСКЕРТУ: Байқауға мектеп оқушылары ғана қатыса алады.

Байқауға ұсынған оқушының өз ойларынан құрастырған жаңа ертегілерінің мәтіндері әлеуметтік желілердегі «Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры» бетіне кіріп, тіркелу арқылы 2020 жылдың СӘУІР АЙЫНЫҢ 1-КҮНІНЕН МАМЫР АЙЫНЫҢ 31-НЕ дейін орналастыруға болады.

БАЙЛАНЫС ҮШІН ТЕЛЕФОНДАР: жұмыс тел: 45-29-68; ұялы: 8-705-149-40-56, 8-776-665-12-13.

 

Zereaje2 Zereaje2