Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры бүкіл әлемде орын алған коронавирус пандемиясына байланысты оқшауланып, үйде отырған өз көрермендері үшін әлеуметтік желіде орындау шартымен «Театр таланттарды іздейді» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын жариялайды.

«ТЕАТР ТАЛАНТТАРДЫ ІЗДЕЙДІ» КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

«Театр таланттарды іздейді» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысушы әрбір талапкер әлеуметтік (Фейсбук, Инстаграм) желілеріндегі «Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры» бетіне кіріп, тіркеліп, өзі туралы толық мәліметтерді және бірнеше суреттерін қалдыра отырып, тікелей түсірілімде жанды дауыспен төмендегі еркін тақырыптарда 2-3 минуттық көркемсөз оқиды.
1) Монолог оқу
2) Өлең оқу (талапкерлерге өз өлеңдерін оқуларына да рұқсат )
3) Сатира (сықақ өлең, интермедия) оқу
4) Абай өлеңдерін немесе қарасөздерін оқу
5) Абай әндерінің бірін орындау
Әлеуметтік (Фейсбук, Инстаграм) желілердегі «Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры» бетіне орналастырылып, байқауға ұсынылған бұл көркемсөз оқу жазбаларын театр жанында құрылған Қазылар алқасы талдаудан өткізіп, бағалайтын болады.
Қазылар алқасының құрамында: театр режиссерлері және бірнеше Қазақстанның халық артистері мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артистері болады.
Қазылар алқасының шешімімен көркемсөз оқу шеберлері байқауының жеңімпаздары анықталып, оларға мынадай сыйлықтар тағайындалады:
1-ші орын – театр қойылымдарына 1 жыл бойы тегін кіру абономенті.
2-ші орын – театр қойылымдарына 6 ай бойы тегін кіру абономенті.
3-ші орын – театр қойылымдарына 3 ай бойы тегін кіру абономенті.
Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) – театр қойылымдарына 1 ай бойы тегін кіру абономенті.
ЕСКЕРТУ: Көркемсөз оқу шеберлері байқауының жеңімпаздары туралы мәліметтер (суреттерімен) әлеуметтік желілерде, БАҚ беттерінде жарияланатын болады.
Байқауға қатысушы талапкерлердің жасына шек қойылмайды.
Байқауға ұсынған көркемсөз оқу түсірілімдерін әлеуметтік (Фейсбук, Инстограмм) желілеріндегі «Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры» бетіне кіріп, тіркеліп, 2020 жылдың сәуір, мамыр айларында орналастыруға болады. БАЙЛАНЫС ҮШІН ТЕЛЕФОНДАР: жұмыс тел: 45-29-68; ұялы: 8-705-149-40-56, 8-776-665-12-13.

30.03.20 1 30.03.20