Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

 Бүгін 27 НАУРЫЗ - Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының музыка бөлімінің меңгерушісі МӨЛДІР БАРАҚБАЕВАНЫҢ туған күні.

Барақбаева Мөлдір Амантайқызы 1991 жылдың 27 наурызы күні Қызылорда облысы Арал ауданы Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген.

2011 жылдары Тараз политехникалық колледжінің радио байланыс, радиохабар тарату, телеарна бөлімін бітірген.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2011 жылдың мамыр айынан бастап дыбыс режиссері, 2019 жылдан бері музыка бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етіп келеді.

Ол осы уақыт аралығында өзін алғыр да білгір маман ретінде танытты. Театр репертуарындағы қырықтан аса спектакльдерді музыкамен көркемдеп, қайтадан өңдеу жұмыстарын мінсіз атқарып келеді. Ол әр қойылымның тақырыбына, жанрына, мазмұнына сай музыка сарынын нақтылауға, үндестіруге, үйлестіруге зор мән беретін шебер маман. Осы еңбектері үшін көптеген марапаттарға ие болған.

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан МӨЛДІРДІ туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН:

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!

27.03.20 1 27.03.20 27.03.20 27.03.20 27.03.20 27.03.20 27.03.20 27.03.20 27.03.20 27.03.20