Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Сізді туған жеріңіз - Жамбыл өңірінің белгілі өнер қайраткерлері мен Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы атынан М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театрының басшысы болып тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы киелі қарашаңырақта еңбек еткен кешегі қазақ өнерінің негізін қалаушы алыптардың  ісін талмай жалғастырып, Әкем-театр ұжымының шығармашылық жұмысын ел абыройын асқақтататын биіктерге жеткізе беруіңізге тілектеспіз.

Шығармашылық жолыңызға толағай табыс, өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңыз бен ұрпақтарыңызға амандық-саулық, құт-береке және тек қана игі жақсылықтар тілейміз!

06.03.20 9 06.03.20 06.03.20 06.03.20


Зор құрметпен,
Жамбыл облыстық
Асқар Тоқпанов атындағы
қазақ драма театрының басшылығы мен ұжымы