Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

8 mart

Сіздерді қыздар әлемінің төл мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге көгілдір көктемнің сәулелі де, шуақты күндеріндей шат-шадыман көңіл-күй, мол қуаныш, зор денсаулық, қызметтеріңізге сәттілік, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға құт-береке, ырыс, баянды бақыт тілейміз!

Ақын жырында айтылғандай:

Әйел деген – шуағы мол күн көктем!

Жүректерге сезім құйып, нұр сепкен!

Жарығымен шаттандырса, Күн – Ана,

Сіздерсіздер, өмір сәнін гүлдеткен!

ІЗГІ НИЕТПЕН ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАУШЫЛАР:

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының жігіттері