Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2020 жылдың 21 ақпан күні сағат: 18.30-да: Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» комедиясы болады.

«Беу, қыздар-ай!» - қазақ комедияларының ішіндегі классикалық шығарма деңгейіне жеткен туынды. Жастар арасындағы махаббат тақырыбы – ойнақы әзілмен өрілген шығарма. Оқиға барысында жас мамандардың өз еріктерімен ауылға жұмыс істеуге барып жатқаны да баяндалып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалуы да көрініс береді.

Комедияда сонымен қатар, қоғамымыздағы түйткілді мәселелердің бірі – жұмысбастылықпен уақтылы тұрмысқа шықпай жүрген қыздардың жайы да әдемі әзіл-әрекетпен көрініс табады.

Бірі – ақын, бірі – суретші, бірі – магистрант, ауыл үшін ауадай қажет үш мамандық иесі Көкдала ауылында тұратын айдай сұлу Айсұлу қызды іздеп сол ауылға келгенде, ұжымшар төрағасы Әбдіқадыр мен ауылдың учаскелік инспекторы, полиция майоры қатты қуанып, әлгілерге іздеген сұлуларына қол жеткізулері үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен осы ауылда қызмет істеп қалулары қажет екендігін ескертеді.