Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

26 желтоқсан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры Байзақ ауданындағы «Бурыл» мектебіндегі оқушыларға «Ертегілер еліне саяхат» атты жаңа жылды қарсы алуға арналған ертегі және думанды қойылымын көрсетті.

ЕРТЕГІ ОҚИҒАСЫНДА: Аяз Ата мен Ақшақар бастаған балалар 2020-шы Жаңа жылды және Жыл иесі – Тышқан-Тимонды қарсы алуға дайындық жасап жатады.

Осы кезде Түнек патшайымы Малефисента бастаған құйын, дауыл, боран шақыратын қаскүнемдер тобы Аяз Ата мен Ақшақарды ұрлап әкетеді... Олар осылайша Жаңа жылдың қызықты өтуіне кедергі жасамақ болады. Алайда, Жаңа жылдың келуін асыға күтіп жүрген Аяз Ата мен Ақшақардың достары Түнек патшалығының озбырлықтарына қарсы күреске шығып, Аяз Ата мен Ақшақарды тұтқыннан босатып алады...

Сөйтіп, Аяз Ата мен Ақшақар достарымен бірге Шырша мерекесіне келіп, Жаңа жылды ойын-сауық, думанмен қарсы алады...

Ертегі мен думанды қойылымның авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.