Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

АСҚАР ТОҚПАНОВ атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы – Оңтүстік Қазақстан облыстық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында үздіксіз 65 жыл бойы актрисалық қызмет атқарған белгілі өнер майталманы, Қазақстанның халық артисі АЙША АБДУЛЛИНАНЫҢ өмірден өтуіне байланысты, марқұмның отбасына, туған-туыстарына, өнердегі достары мен әріптестеріне, қайғыларын бөлісіп, көңіл айтады.

Айша Абдуллина қазақ театр өнерінің дамуына сіңірген зор еңбегі үшін әр жылдары «Қазақстанның халық артисі» мемлекеттік атағына, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» белгісіне, «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» мәртебелі атағына ие болды, сондай-ақ, «Құрмет белгісі», «ІІ-дәрежелі Отан соғысы», «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы президенттік степендиясымен, «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Театр өнерін дамытуға қосқан орасан зореңбегі үшін» номинациясы жүлдесімен, Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Қазақ театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін» арнайы сыйлығымен марапатталған. Сондай-ақ, ол бірнеше рет Халықаралық және Республикалық театр фестивальдерінің лауреаты атанды.

Қазақстың театр өнеріне 65 жылдан аса үздіксіз қызмет еткен белгілі өнер майталманы, Қазақстанның халық артисі АЙША АБДУЛЛИНАНЫҢ бейнесі біздің жүрегімізде әрдайым сақталады.

АСҚАР ТОҚПАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМЫ