Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Үстіміздегі жылы - Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы...

Облыстың биылғы осы мекрекесі аясында Жамбыл облыстық қазақ драма театры 29-31 қазан күндері шырайлы Шымкент қаласында үш күндік гастрольдік сапарда болып, шымкенттіктердің назарына белгілі жазушы-драматург, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосынұлының «Домалақ ене» символикалық драмасын, жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасын, Қуандық Шаңғытбаев пен Қаныбек Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясын, Әлібек Әмзеұлының «Қор болған Қодар-ай!» фантасмогориясын және балаларға арналған «Екі дос», «Ақ күшіктің туған күні» ертегі-қойылымдарын ұсынды.

Шырайлы Шымқала жұртшылығы жамбылдық театр майталмандары сахналаған барлық қойылымдарды ерекше жылы сезіммен қабылдап, қызыға тамашалады.

Мәселен, «Домалақ ене» символикалық драмасындағыбелгілі тарихи тұлғалар Бәйдібек би мен Домалақ ененің атақты Ақсақ Темірмен кездесуі, сондай-ақ, Домалақ ене – Нұрилә ананың Әулие ана болып танылу оқиғаларын көрермен үлкен әсермен қабылдады.

Көрермен қауым, сондай-ақ, «Айша бибі» драмасының оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанын қызыға тамашалады.

Ән мен биге, әзілге құрылған «Беу, қыздар-ай!» комедиясындағы езу тарттырар сәттер көрерменге жоғары көңіл-күй, шаттық сыйлады.

Ал, «Қор болған Қодар-ай!» фантасмогориясының оқиғасындағы бұрынғы заманнан бүгінгі заманға өтіп кеткен Қодардың қазіргі дәуірдің Баян-Бомж, Баян-Валентина, Баян-Варя, Баян-Виолетта деген бірнеше Баяндарымен жолығуы фантазиялық көрініспен беріосе де, өте шынайы қабылданды.

Шымкенттік көрермендер Жамбыл театрының барлық қойылымдарына да тәнті болып, артистердің ойындарына жоғары бағаларын берді.