Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2019 жылдың 24 қазанында жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасы сахналанды.

Айша бибі - халқымыздың халқымыздың бай рухани құндылықтарын және ел тарихын танып-білуге ықпалы зор қойылым.

Драманы сахнаға дайындаған қоюшы-режиссері – белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Сценографиясын жасаған қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатынкіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады.

Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады.

Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді. Кейінгі жас ұрпақ, Айша бибі мен Қараханныңмахабаттағы тағдырлары да – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлегендердің тағдырларына көп ұқсас екендігін білулері тиіс.

Шығарма оқиғасында Қараханның және ол басқарып отырған мемлекеттің жаулары Айшаны өлтіру арқылы Қараханды мұқатпақ болған жаулық ой-пиғылдарын, ақыры орындап тынады. Айша бибі жау пиғылды сатқындар қолынан мерт болады.

Қойылымда Айша бибі ролін театрдың жас актрисасы Назым Ақылова, Қарахан образын белгілі актер, «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты Кенен Ақүрпеков ойнайды.