Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театры артистері Тараз қаласындағы № 3 лицей оқушыларына көшпелі қойылыммен С.Пірмановтың «Алтын жұмыртқа» ертегісін көрсетті.

Ертегі оқиғасында түрлі аңдар мен жануарлар кейпіндегі балаларелге ырыс, бақ, жақсылық әкелетін Бақ құсының дүниеге келуін асыға күтіп, ормандағы ұшар биік ағаш басында орналасқан Алтын Жұмыртқаны көздерінің қарашығындай сақтап, күзетіп жүреді.

Бір күні алапат дауыл болып, ағаш басындағы Алтын жұмыртқа жағадағы көлге құлап түседі. Құдай сақтағанда, жалтын жұмыртқа суға түсіп, жарылмай аман қалады.

Алтын жұмыртқаны Аңшы Төбет ит судан шығарып алып, жан-жануарлардың көмегімен Тышқанның үйшігіне апарып жасырады.

Ол жерден Алтын жұмыртқаны Сұм қарғалар ұрлап кетеді.

Оқиға осылай өрбіп, жалғасады.

Ең соңында Қарғалардың ұрлық істері әшкереленіп, Алтын жұмыртқа табылып, одан Бақ құсы дүниеге келеді.

Алтын жұмыртқа қауызын жарып, дүниеге келген Бақ құсы тіршілікке әсемдік пен көрік, қуаныш пен ырыс-береке сыйлап, мерекелі өмір басталды.