Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 84-ші жаңа маусымының ашылуына орай, 2019 жылдың 23 қыркүйегі, дүйсенбі күні сағат 18.30-да және 24 қыркүйек сейсенбі күні сағат 16.00-де жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасының тұсаукесер қойылымы (премьерасы) болады.

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады.

Біз, барша өнерсүйер қауымды Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тыныс-тіршілігімен танысуға да мүмкіндік беретін осы қойылым премьерасының көрермендері қатарынан көреміз деп сенеміз.

Мекен жайымыз: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ғимараты. Анықтама үшін телефондар: 8(726-2) - 45-29-68; 45-79-89; 45-79-70. Ұялы тел: 8-747-739-69-95.