Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Тараз қалалық Ықылас Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінде Жамбыл облыстық қазақ драма театрының талантты актері Елжан Жармұхамедовтің кино әлеміндегі тұңғыш тырнақалды туындысы "САҒЫМ" атты толықметражды көркем фильмінің тұсаукесері болды.

Көрермендер аса зор ризашылықпен қабылдаған фильмде біздің Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актерлері басты рольдерімен қатар, барлық эпизодтық рөлдердеде қамтылып, өз кейіпкерлерін барынша нанымды да тартымды срмдап шыққаны - біздің ұжым үшін зор қуаныш.

Әсіресе, біздің театрдың артистері:ағайынды екі жігіттің кішісін сомдаған Нұрсұлтан Махановтың, олардың әке - шешелерін ойнаған Жүніс Әлімбеков пен Майра Әлімбетованың, молда кісі - Әбиірбек Тінәлі, судья әйелді сомдаған Анар Сағымбекованың, басқа да кейіпкерлерді ойнаған - Асқарбек Сейілханның, Кенен Ақүрпековтің, Индира Мұстафаеваның, Назым Ақылованың, Жандар Қырықбаевтың басты эпизодтық рольдерді сомдаған басқа да өнер иелерінің ойындарына көрермен дән риза болды.