Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

1952 ж туған. М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы театр студиясын бітірген. 1972 жылдан бері Жамбыл облыстық қазақ драма театрында үзіліссіз еңбек етіп келеді. 1976 жылы «Құрмет белгісі» орденмен марапатталса, 1986 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 1996 жылы Қазақстанның халық артисі атақтары берілді. Бүгінгі таңға дейін жүзден аса спектакльдерде ойнады.

Сомдаған рөлдері: С. Жүнісов «Тұтқындар» -Мисс, адвокат, С. Шаймерденов «Әнім сен едің»-Қарғаш, Ян Солович «Түлен түрткен тіленші»-Цилка, М.Ақынжанов «Алтын сақа»-Күнбала, М. Шамхалов «Қайын ене мен келін»-Зарифа Севдат, М.Шолохов «Тынық Дон» (1 бөлім)Наталья, С. Мұқанов «Балуан Шолақ»-Татьяна, М. Мұқашев «Парторг» -Шолпан, М. Ақынжанов «Алтын сақа»-Күнбала, Т. Нұрмағанбетов «Табалдырығыңа табын»-Фейруза, Р.Мамулашвили «Асыл ана»-Қыз, О. Дастанов «Оянған ар»-Сұлухан,Д. Исабеков «Әпке»-Назила, Б Тоғысбаев «Дабыл»-Алена, В. Шекспир «Отелло»- Дездемона, Д. Исабеков «Ертеңді күту»-Алтын, Ш. Елеукенов «Емтихан»-Назила, Ә. Тәжібаев «Жомарттың кілемі»-Күнсұлу, Қ. Мұхамеджанов «Қайдасың, Хайдарбек?» Шешесі, Ш. Уалиханов «Ақнұр»-Ағнұр, А. Чехов «Иванов» -Анна,Б. Мұқаев «Сергелдең болған серілер»-Айжан, Қ. Жетпісбаев «Ол менің тағдырым»-Роза, В. Шекспир «Дуалы түнгі думан»-Елена, М. Ысқақов «Құрманғазы»-Айжан, Ш. Хұсайынов «Есірткен ерке»-Гүлнафис, Б. Мұқаев «Тоят түні»-Баян, Қ. Мұхамеджанов «Біз періштеміз бе?»-Асыл, Б. Майлин «Талтаңбайдың тәртібі»-Күнжан, Б. Мұқаев «Дүние кезек»-Нүрия, К. Баялиев «Оралу» -Дәмеш, Ш. Айтматов «Боранды бекет»-Үкібала, Ә. Әмзеев «Қара кемпір»-Қали, О. Бөкеев «Құлыным менің»-Қарлығаш, Б. Әбілдаев «Сыпатай батыр»-Жеңге, З. Сооранбаева «Індет»-Аңсар, Ә. Тарази «Қылкөпір» -Әзиза, С. Балғабаев «Ең әдемі келіншек», Б. Әбілдаев «Төле би»-Ханша, Т. Дүйсебаев «Желтоқсан жаңғырығы»-Дәметкен, Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?»-Нұрғаным, И. Сапарбай «Ауылдан келген ару»-Сәндігүл, А. Бекбосынұлы «Өткелдегі шайқас»-Гүлжан, С. Ахмад «Келіндер көтерілісі»-Фармон, М. Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» -Коклан, М. Байжиев «Құдалар»-Сайраш, Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»-Мақпал, Ж.Мольер «Бәледен құтылдың медицина!» - Николь, Е.Уахитов «Алтын дуал»- Хадиша, Ш.Айтматов «Ана-Жер Ана»- Рух, Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы»- Дәметкен, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» -Фармон бибі Б.Ұзақов «Жан дауа»- Ана, И.Содиков «Әпендінің бес қатыны»- Пейіш. Театр қайраткерлері одағының мүшесі.