Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

Сәти Үмбетбаев 2.12.1897 ж. Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласында дүниеге келген – актер. 31.05.1974 ж. Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласында өмірден өткен.

Актерлік жолын табиғи талантымен бастаған ол, кейін актерлік курста оқып, арнайы білім алып, дайындықтан өткен. Көптеген медальдармен марапатталған.

Сәти Үмбетбаев - Жамбыл облыстық қазақ драма театрының негізін салушы талантты актерлердің бірі. Ол керемет зор дауысты әншілігімен де ерекшеленген.

Ол театрда қызмет еткен жылдары ондаған рольдерде басты кейіпкерлерді сомдап, жоғары актерлік шеберлігімен танылды.

Ол сомдаған Базарбай - (Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде»), Алшағыр, Маман, Қараменде - (М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды», «Айман-Шолпан» және «Еңлік-Кебегінде»), Кошкин - (С.Мұқановтың «Ботагөзінде»), Қарабай - (Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында»), Миллер - (Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатында»), Сырттан - (М.Әуезов пен С.Соболевтің «Абай» драмасында) т.б. бейнелер кезінде көрерменін сан тамсантқан жанды рольдер болды.

Сәти Үмбетбаев, сондай-ақ, 1970 жылдардың басында «Қош бол, Гүлсары» фильміне және бірнеше телефильмдерге де түсіп, жақсы киноактер ретінде де танылған.

Оның халық әндерін нақышына келтіріп орындайтын – әншілік өнері мен түрлі музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын табиғи дарыны да бар болатын.  

С.Үмбетбаев 1974 жылдың 31 мамыры күні Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласында 74 жасында дүниеден өтті.