Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

16.07.1952 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі. 1973-1978 ж Москвадағы жоғарғы Щепкин атындағы училищесін бітірген. 1978 жылы «Кино және Театр артисі» мамандығын алып Қазақ мәдениет министрлігінің жолдамасымен Торғай облыстық драма театрында артист қызметін атқарды. 1981 жылдан бастап Жамбыл облыстық қазақ драма театрында артист. Республикалық, Халықаралық театрлар фестивалін лауреаты. 1986 ж Жамбыл облысы әкімінің «Тараз рухы» сыйлығының лауреаты, 1998 ж Москвадағы «Әлем халықтар өнері» ассоциациясының лауреаты, 2001 ж ҚР Президентінің «Алғыс хаты», 2007 ж «Нұр Отан» халықтық Демократиялық партиясының саяси кеңесінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Қазақстан Театр қараткерлері Одағының мүшесі.

Театр репертуарында:

М.Әуезов «Қаракөз» Қаракөз, Д.Гариной «Ренальдо шықты» Агата, Д.Исабеков «Әпке»- Қамажай, Гауһар, С.Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдым» Айгүл, Эльмира, Еврепид «Медея»-Сүтана, Б.Жакиев «Әке тағдыры»-Зуһра, А.Мирзагитов «Баласын күткен боздақтар»- Залифа, М.Хасинов «Жас жұбайлар әні»- Зәуреш, Т.Нұрмағамбетов «Табалдырығыңа табын» - Файруза, М. Әуезов «Еңлік – Кебек»-Еңлік, А. Арбузов «Ойнақтаған от басар»-Қыз, Т. Ахтанов «Ант»-Батима ханым, А. Чехов «Иванов»-Сашенька, Ш. Хұсайынов «Алдар көсе»-Қарашаш, В. Шекспир «Гамлет»-Гертруда,Г. Боровик «Буэнос-Айрестегі интервью»-Клара Фастос, О. Иоселиани «Арбаның ізімен»-Ланда, Ю. Егоров«Азап вагоны»-Машенька, Қ. Найманбаев «Ерлі зайыптылар және басқалар»-Әсем, В. Шекспир «Дуалы түнгі думан»-Гермия, Х. Ерғалиев.М. Ысқақов «Құрманғазы»-Александра, Б. Әбілдаев «Айша бибі»-Бабаәжі, Е. Әлімжанов «Жанталас»-Сәнім, Қ. Мұхамеджанов «Біз періштеміз бе?»- Асыл, Д. Исабеков «Кішкентай ауыл»-Шәмсия, Т.Нұрмағанбетов «Кемпірлер үкімі» -Айгүл, Жұлдызбике, А. Жағанова «Беймаза әйел»-Айша, К. Баялиев «Оралу»-Лиза, Е. Әлімжанов «Бір қазаққа – бір қатын?..»-Әнапия, Ә. Тауасаров «Махаббат аралы»-Айна, Ш. Мұртаза «Жалғыз үйлік зіл-зала»-Сандуғаш, С. Балғабаев «Ең әдемі келіншек»-Гүлбаршын, Б. Әбілдаев «Төле би»-Ана, Т. Дүйсебаев «Желтоқсан жаңғырығы»-Автор, Ә. Қалдыбаев «Сәлім – Сәлима»-Сәлима, Е. Әлімжанов

«Тақталас»-Оля, Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» -Әйгерім, И. Сапарбай «Ауылдан келген ару»-Гүлдана, С. Ахмад «Келіндер көтерілісі»-Башорот, М. Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды»-Қарлыға, М. Байжиев «Құдалар»-Көкіш, Д.Исабеков «Пері мен періште»-Сапура, Ш. Айтматов, М. Шаханов «Сократ түні»-Ғалия, Бақыт, Айдай, Ж. Б. Мольер

«Бәледен құтылдың, медицина!»-әйел, У. Шекспир «Ричард ІІІ»- Елизавета, С.Тоқбалаева «Палата»-Дана, С.Сматаев. Т.Теменов «Көгілдір такси» Мәриям, Ш.Мұртазаның «Домалақ ана» Марау, Р.Тома «Әйел сегіз ол жалығыз» Габи, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер анасымен» И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» көпшілік сахнасында М.Байджиевтің «Қалыңдық пен күйінде», Ана, сот, И.Содиков «Әпендінің бес қатыны» Фатима ролдерін ойнап келеді.