Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

1961 жылы 22 желтоқсан Жамбыл облысы Луговой (қазіргі Т.Рысқұлов) ауданына қарасты «Қазақ» ауылында дүниеге келген.

1985 жылы Алматы мемлекеттік көркемсурет-театр институтын тамамдаған. 1985 жылдан Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актерлік қызметін үздіксіз атқарып келеді. 1994 жылы Жезқазған қаласында С. Сейфуллиннің 100 жылдығына орай өткен Республикалық театр фестивалінде Т. Дүйсенбаевтың «Желтоқсан жаңғырығы» спектаклінде, Қайрат бейнесін сомдағаны үшін «Лауреат» атанды.

2005 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігімен ҚР мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері» Құрмет белгісімен марапатталды. Бүгінде театр репертуарындағы 60-тан аса басты рольдерді сомдап отырған көшбасшы актерлардың бірі болып табылады.

Театр репертуарында:

И.Родина. И.Грановская «Дана Гүлжан» Бөрібасар, В.Шекспирдің «Ричард III»- «Ричард III» М.Әуезов «Айман-Шолпан»- Балпық, «Қара қыпшақ Қобыланды»-Бірсімбай, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-Жантық, Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» -Көкбай, Е.Әлімжан «Бір қазаққа бір қатын»-Азат, «Жанұран»-Мэлс, «Тақталас»- Қауғабай, И.Сапарбай «Ауылдан келген ару»- Қаражан, Т.Дүйсебаев «Желтоқсан жаңғырығы»- Қ.Рысқұлбеков, А.Бекбосын «Нюрнбергтен бұрынын»- А.Сухамбаев, М.Байжиев «Құдалар»- Күрішбек, Ш.Айиматов. М.Шаханов «Сократ түні»- Сократ, Қайыр хан, Хайдар, Д.Исабеков «Пері мен періште»- Құлахмет, Ә.Әмзеұлы «Кейуана»- Шембай, Г.Горин «...атың өшсін, Герострат»- архонт Клеон, Ж.Б.Мольер «Бәледен құтылдың, медицина» -Лука, Ш.Айтматов «Ана – Жер ана» Сбанқұл, «Ақ кеме»-Шал, Қ.Қасымов «Қыз Жібек»-Абыз, Ш.Мұртаза «Домалақ ана»- Бәйдібек, Е.Әлімжан «Төле би»-Ескелді би, С.Сматаев пен Т.Теменов «Көгілдір такси»- Қайыржан, И.Содиков «Әпендінің бес қатыны» Насреддин әпенді, М.Шаханов «Танакөз»- Қоғамбай, И.Сапарбай «Сыған серенадасы»- Ақын, Ә.Оразбеков «Бір түпалма ағашы»- Ерғали, О.Әубәкіров «Ңөң» -Пышан.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі.

Қазақстан театр қайраткерлер Одағының Тараз қаласындағы филиалының төрағасы.