Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Тараз қ, Абай проспект, 115

18.12.1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Көмешбұлақ ауылында дүниеге келді. 1984 жылдан 1986 жылға дейін Алматы қаласындағы Мемлекеттік Академиялық М.Әуезов атындағы драма театр бітірді.

1986 жылдан Жамбыл облыстық қазақ драма театрына актриса болып қабылданып,осы күнге дейін қызмет етіп келеді. 2010 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «Алтын алқа» орденімен марпатталған. А.Атымтаева «Қыз қасқыр» фантастика, балаларға арналған «Кім патша» ертегілерінің авторы.

Театр репертуарында: Е.Әлімжан «Жанталас» - Толқын, О.Бодықов «Жан азабы»-Махаббат, Ш.Мұртаза «Сталинге хат» -Мүтән, Б.Әбілдаев «Айша бибі»-Әнуар бибі, Ж.Омаров «Құлыншақ пен Бөлтірік»-Ақбақай, С.Жүнісов

Қысылғаннан қыз болдық»-Сәния, М.Байжиев ң «Тіл табысқандар»- Сүйімхан, И.Содиков «Әпендінің бес қатыны»-Қыршаңқы, Ш.Айтматов «Ақ кеме»- Бекей, И.Сапарбай «Сыған серенадасы»-сыған әйел, Ш.Мұртаза «Домалақ ана» мен Ш.Айтматовтың «Ана-Жер анасында» эпизодтық роль, М.Шаханов «Танакөз» Құдағи.

Қазақстар Театр қайраткерлері одағы мен Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі.